6 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 6 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

76 жыл бұрын (1949) суретші-кескіндемеші, этнограф-қарутанушы, Қазақстан Суретшілері одағының мүшесі Қалиолла Саматұлы АХМЕТЖАН дүниеге келген.

Ақмола облысында туған. 1977 жылы Алматы көркем өнер училищесін, КСРО көркем өнер академиясына қарасты И.Е. Репин атындағы Ленинград көркем сурет, мүсін және архитектура институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1977-1996 жылдары Ұ.Таңсықбаев атындағы Алматы көркем өнер колледжі, 1996-2000 жылдары Қазақстанның мемлекеттік орталық мұражайы этнология бөлімінің ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, 1996-1998 жылдары ҚР ҒА М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты (көркем өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2000 жылдан бастап Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталығы реставтрация бөлімінің жетекшісі, кеңесші-реставратор.
2007 жылы Мәскеуде өткен IV халықаралық «Кітап өнері» сайысында «Этнография традиционного воооружения казахов» атты монографиясы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен; 2006 жылы ҚР Көркем өнер академиясының мәдениетті, көркем өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет дипломымен және алтын белгімен марапатталды; 2011 жылы «Жыл суретшісі» атағына ие болды және Астана қаласының суретшілер одағының «Алтын палигра» сыйлығын алды. 2013 жылы Қазақстан суретшілер одағының 80 жылдығына орай «Шығармашылықтағы ерекше жетістіктері үшін» медалімен, «Мәдениет қайраткері», «Құрмет» төсбелгілерімен марапатталған.
63 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Досжан Сарманқұлұлы ӘМІРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: 1979-1980 жылдары Жамбыл облысы Чапаев атындағы совхозда тоқ дәнекерлеуші, 1982-1988 жылдары совхоздың машина ауласының слесарі, 1988-1989 жылдары Петропавл қаласының заң кеңсесінің адвокаттар алқасында тағылымдамашы, 1989 жылы Петропавл қаласының адвокаты, сол жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған. 1990 жылы СҚО Ленин аудандық сотының судьясы, 1990-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі, 1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 1999-2002 жылдары Теміртау қаласы сотының төрағасы, 2002-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2007-2009 жылдары Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2009-2010 жылдары Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2010-2011 жылдары Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2011-2015 жылдары Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, 2015-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2017-2022 жылдары Ақмола облыстық сотының төрағасы лауазымын атқарды.
2022 жылдың маусымнан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған (2005).
50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы Амангелді Газезұлы САИНОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында дүниеге келген. 1997 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1997-2002 жылдары «Астана-Аудит» Орталық аудиторлық компаниядағы аудитордың көмекшісі, бас бухгалтер, директордың орынбасары, 2002 жылы ҚР СІМ валюта-қаржы департаментінің жетекші маманы, 2002-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы елшілігінің аға бухгалтері, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының бас маманы, басшысы, 2012-2015 жылдары ҚР СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, 2015-2017 жылдары ҚР СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесшісі, 2021 жылы ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың желтоқсаннан бастап.
50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Арслан Момышұлы ДӘНДІБАЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған, халықаралық қатынастар маманы, референт.
Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі консулдық қызметінің маманы, атташе, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Түркия Республикасындағы консулдығының атташесі, 2003-2005 жылдары Амстердам қаласындағы ҚР-ның Бас консулдығының вице-консулы, 2005 жылы Гаага қаласындағы ҚР-ның Нидерланды Патшалығындағы Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 2005-2006 жылдары Түркия Республикасындағы ҚР елшілігінің бірінші хатшысы, 2006 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2006-2009 жылдары ҚР Президенті протоколының консультанты, 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының кеңесшісі, 2012-2014 жыллдары Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы бас консулы, 2014-2017 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, 2017 жылы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Протокол Қызметінің басшысы, 2017-2018 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы, 2018-2019 жылдары ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Руслан Бақыттыұлы ЕСЕНАЛИН дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалын, Солтүстік Қазақстан университетін бітірген (1998); Қазақ мемлекеттік академиясының Мемлекеттік қызмет институты (2001); М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2006); Ресей Президентінің халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген (2016).
Еңбек жолы: ОҚО «Зенон» ЖШС менеджері (1998-2000); Солтүстік Қазақстан облысы кикбоксинг және жекпе-жек федерациясының аға жаттықтырушысы (2000-2001); «Авангард» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокс бойынша жаттықтырушы және мұғалім, Петропавл (2002-2005); Петропавл қаласы бокс балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушы (2005-2006); кикбоксинг бойынша жаттықтырушы және балалар мен жасөспірімдер күрес мектебінің мұғалімі, Петропавл қ. (2006-2007); Қазақстан Республикасының кикбоксинг бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы, Ұлттық құрамалар мен спорттық резервтер дирекциясы, Петропавл қ. (2006-2008); Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары (2008-2012); Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы (2012-2013); Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы (2013-2020); «Құлагер» хоккей клубының директоры (2020-2024); «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» МКҚК директорының орынбасары (2024 ж.). Қазіргі қызметінде 2024 жылғы қарашадан бастап «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), «Ерен еңбегі үшін» (2020) медальдарымен марапатталған.
39 жыл бұрын (1986) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Елісұлы ӘБДІҚАДЫРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Экономика магистрі.
Еңбек жолы: 2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық қызмет департаментінің инвестициялық жобаларды басқару сарапшысы, 2010-2011 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару бас сарапшысы, 2011-2013 жылдары ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық жобаларды басқару жетекшісі, 2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, 2015-2016 жылдары Павлодар облысы индустриялдық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі, 2016-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігінің инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі, 2019-2020 жылдары «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы, 2020-2021 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымын атқарған.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.