6 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 6 тамыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын Қарағанды ҚІІБ-нің №223 бөлімшесінде пост қызметінен бастаған. Алматы қаласының Мәскеу, Әуезов, Калинин аудандық милиция бөлімшелерінің жедел қызметтерінде еңбек еткен. Әр жылдары ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталық басқармаға, Астана ҚІІБ-на, ІІМ әскери-тергеу департаментіне, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-не басшылық еткен. 2012-2016 жылдары – Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Қырғызстандағы өкілі өкілі.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі қызметінде. РФ қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері академиясының Ю. Андропов орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», ІІ дәрежедегі «Мінсіз қызметі үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған. Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы № 172 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорданың № 9 орта мектебінде жұмысын жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі). 2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдің кеңесшісі. 2007-2010 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2012-2015 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары 2015-2018 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2018-2021 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі. 2021-2022 жылдары Семей қаласының әкімі. 02.2022-06.2022 аралығында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі.
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Жамбыл облысында туған. Таяу Шығыс техникалық университетін (Middle East Technical University) халықаралық қатынастар мамандығымен бітірген (1999). Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі (2000-2003); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы (2003-2008); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Xалықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2008); Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропа бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің кеңесшісі (2008-2011); Түркі Кеңесі Хатшылығының директоры (2011-2014); Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2014-2017). Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017-2022); «Отандастар» қорының президенті (2022 жылдан бастап).
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: Алматы облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы прокуратурасының статистика, сот және талдау жұмысы бөлімінің бас маманы (1997 жылдан); Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі; прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры; Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары; Алматы қаласы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары; Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары; Ақмола облысы Целиноград, Егіндікөл аудандарының прокуроры; Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Кеңесшілер тобының Бас Прокурорының аға көмекшісі; Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары (2019-2022).
2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік медициналық университетін (2005); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ганновер жоғары медициналық мектебін «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығымен (2008) бітірген; АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдама бағдарламасы бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығымен білім алған. Еңбек жолы: Vivantes клиникасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жобалау менеджері, Берлин (2007); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы (2008-2009); ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің кеңесшісі, «Астана медициналық университеті» АҚ бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (2009-2010); «Қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы (2010-2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті (2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Almaty Resort» клиникалық шипажайы» АҚ президенті (2014); «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері, Алматы қаласы (2015-2017); Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2017-2018 жылғы қазан); Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2019 жылдан Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы (10.2018-09.2019).
Қазіргі лауазымын 2020 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.