10:01, 24 Ақпан 2023 | GMT +5
6 тәжікстандық жалған құжатпен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалған құжатпен Қазақстан шекарасын басып өтпек болған Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.
«22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды. Олардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттар алынды», - делінген хабарламада.
Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.