6 желтоқсан «Мәдениет» күні «Тәуелсiздiктiң жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн» шеңберiнде Мәдениет министрлігі 30-ға жуық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр

Астана және Алматы қалаларының тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік жылдары шығарылған қазақстандық фильмдердің онкүндігіне келе алады. Фильмдер № 7 кинопаркте («Керуен») және «Цезарь» кинотеатрында (2-і зал) көрсетіледі. Онкүндік бағдарламасына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы жасап шығарған 10 көркем, 6 анимациялық және 9 деректі фильмдер енгізілген.
Алматыдағы республикалық театрлардың сахналарында бірқатар қойылымдар, соның ішінде премьералар да көрсетіледі.
Концерттік ұйымдар арнайы мерекелік бағдарламаларын ұсынады.
Сонымен қатар, бірқатар өнер ұжымдары алыс және жақын шетелдерде өз өнерлерін тарту етеді.
Мәдениет министрлігінің барлық мұражай мен қорық-мұражайларында мектеп-интернаттардың оқушыларына арналған көрмелер мен дәрістер өтеді.
Бұл күні кітапханалар өз оқырмандарын мазмұнды кітап көрмелеріне және тақырыптық кештерге шақырады.
Шаралар тізімі төменде келтірілген:
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шаралар тізімі
2011 жылғы 6 желтоқсан
№ |
Ұйым атауы |
Іс-шара атауы |
Өткізілетін орны мен уақыты |
|
Концерттік ұйымдар |
||||
|
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы |
Филармонияның шығармашылық ұжымдары мен солистерінің қатысуымен салтанатты концерт |
Алматы қаласы, Филармония залы 18.30-да |
|
|
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі |
«Тәуелсіздік тұғыры» атты қайырымдылық концерті |
Алматы қаласы, Оркестр залы 18.30-да |
|
|
Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі |
Астана қаласының № 17 мектебінде қайырымдылық концерті |
Астана қаласы, № 17 мектеп 13.00-де |
|
|
«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі |
30 қараша - 8 желтоқсан аралығындаБаку (Әзірбайжан), Тель-Авив және Офаким (Израиль) қалалары бойынша гастрольдер |
Әзірбайжан, Израиль |
|
|
Мемлекеттік академиялық би театры |
Алматы облысы Талғар қаласында балет кеші |
Талғар қаласы, Мәдениет үйі 17.00-де |
|
|
«Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрі |
28 қараша - 10 желтоқсан аралғында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша гастрольдер |
ОҚО |
|
|
Қазақ әуендері |
Қазақконцерт және Гүлдер әртістерінің қатысуымен қайырымдылық коцерт |
Алматы қаласы «Қазақконцерт» ғимараты 18.00-де |
|
Театрлар |
||||
|
К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры |
Жюль Массненің «История любви и смерти юного Вертера» лирикалық драмасының қойылымы |
К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры 19.00-де |
|
|
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры |
«Тәуелсіздік - театр тағдырында» қайырымдылық концерті |
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры 19.00-де |
|
|
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры |
Ашық есік күні: 1) театрдың әртістері мен режиссерларының Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттерімен кездесуі; 2) «Тәуелсіздік кезеңіндегі театр» тақырыбында пресс-конференция;
4) И.Сапарбай «Қыз мұңы» /драма/ спектаклі (қайырымдылық негізінде) Премьера! көрермендерге ұсынылады |
Т.Жургенов атындағы ҚазҰӨА 14.00-де М.Әуэзов атындағы театрда 18.30-да |
|
|
М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры |
Р.Баэрдің «Смешанные чувства» /комедия/ спектаклі (қайырымдылық негізінде) көрсетіледі |
М.Лермонтов атындағы театрда 19.00-де |
|
|
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акдемиялық балалар мен жасөспірімдер театры |
С.Асылбекұлының «Желтоқсан желі» /драма/ спектаклі (қайырымдылық негізінде) көрсетіледі |
Ғ. Мүсірепов атындағы театрда 15.00-де |
|
|
Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры |
Ашық есік күні: 1) театрдың суретші-қоюшыларының жұмыстарының көрмесі; 2) театр мен «Ручей, ручеек» балалар театр үйірмесімен бірлесіп қойылған Н.Румянцевтің «Я с вами, люди!» спектаклін көрсету (қайырымдылық негізінде); 3 ) спектакльден соң оның авторлары мен орындаушыларымен шығармашылық кездесу өткізіледі |
Н. Сац атындағы театрда 12.00-де |
|
|
Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры |
Ашық есік күні: 1) қазақстандық корей суретшілері картиналарының көрмесі; 2) кітаптар мен костюмдердің көрмесі; 3)қоғамдық ұйымдар және ардагерлермен кездесу; 4) Алматы қаласының студенттері мен жастарын қазақстандық корей халқының тарихы мен корей театрымен таныстыру кеші; 5) «Пробуждение» театрландырылған көрінісі ұсынылады |
10.00-де 14.00-де 17.00-де 19.00-де корей музыкалық театрында, Алматы, Папанин көшесі, 70/1 |
|
|
Республикалық немiс драма театры |
1) Қазақстанның жас суретшілерінің тақырыптық сурет көрмесі; 2) белгілі документалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері И.Гонопольскиймен бірлесіп дайындалған сурет және бейнеколлажы; 3) Ағайында Гриммдердің ертегісі бойынша қойылған Ю.Энтиннің, В.Ливановтың«Бременские музыканты» /музыкалық комедия/ спектаклі көрсетіледі |
«АРО» МҮ, Алматы, Әуэзов көшесі, 3 12.00-де басталуы және күні бойы 12.00, 19.00-де «АРО» МҮ, Алматы, Әуэзов көшесі, 3 |
|
|
Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры |
«Нава» фольклорлық ансамблінің қайырымдылық концерті |
17.00-де ұйғыр театрында |
|
Мұражайлар, қорықтар-мұражайлар |
||||
|
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы |
1) «Сақ патшаларының қорғандары» экспозициялық залының ашылуы»; 2) «Мың жаса, тәуелсіз Қазақстан» ашық есік; 3) Құрманғазының 205 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш |
ПМО 1-этаж күні бойы |
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орталық мұражайы |
1) Ашық есік күні; 2) «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» балалар шығармашылығының көрмесі және қайырымдылық акция; 3) «Қазақстан тиындарының жылнамасы» атты көрме |
күні бойы |
|
|
Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы |
Ашық есік аясында: 1) «Сегіз қырлы бір сырлы қазақ» атты этнографиялық концерт; 2) қазақ оюларын жасау бойынша мастер-класс; 3) «Тәуелсіздік тағылымы» көрмесі өткізіледі. |
күні бойы |
|
|
«Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайы |
Ұйымдастырылатын іс-шаралар: 1) Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде интернат мектебінің оқушыларына және нашар көретін балаларға арналған экскурсия; 2) «Кесенеде жерленген тарихи тұлғалар» атты кітап көрмесі; 3) «Елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы көрме |
10-00 - 16-00-де Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан тарихының мұражайы 11-00-де |
|
|
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайы |
1) Тәуелсіздік күніне арналған Тараз қаласының тарихы жөнінде көрме ұйымдастыру 2) «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында археологиялық табылған заттардың көрмесін ұйымдастыру 3) Тараз қаласының мұражайланған тарихи-мәдени объектілерінде «Ашық есік күндерін» өткізу |
9-00 -18-00-де «Достық» орталық алаңы 18-00-21-00-де ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы Күні бойы Тараз қаласының тарихи объектілері |
|
|
Отырар археологиялық қорық-мұражайы |
Отырар табиғаты туралы лекция және мұражай залында экскурсия өткізу |
күні бойы Мұражай ғимарат |
|
|
Республикалық кітап мұражайы |
«Тәуелсіз Қазақстанның әлемнің басқа елдерімен ынтымақтастығы» оқу сағаты |
11-00 -13-00-де Мұражай ғимараты |
|
|
«Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы |
11) «Отырар-Ұлытау» көрмесін ұйымдастыру; 2) «Ұлытау деп шыққан керуен» дөңгелек үстелін ұйымдастыру; 3) «Сары-Арқа петроглифтері» анимациялық бейнефильмін көрсету; 4) қазақ ұлттық ойындарын өткізу |
Күні бойы Мұражай ғимараты |
|
|
«Тамғалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы |
«Тәуелсіздікпен әлемге әйгіленген «Таңбалы» атты ғылыми-танымдық іс-шара |
9-00-18-00-де Қорық-мұражайға келушілердің орталығы |
|
Кітапханалар |
||||
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы |
Ашық есік күні ұйымдастырылатын іс-шаралар: - мемлекет және қоғам қайраткері Ө. Жәнібековтің 80 жылдығына шығарылған библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері; - Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының тарихына арналған көрме; - дарынды студенттердің суреткөрмесі; - жас орындаушылардың концерттік бағдарламасы; - экскурсия ұйымдастыру. |
Күні бойы Басталуы 11-00-де ҚР Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы, 14 |
|
|
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы |
Ашық есік күні 1) «Қолтаңбам-халқыма» кітап көрмесі; 2) «Аялы алақан» қайырымдылық кеші |
күні бойы |
|
Өзге ұйымдар |
||||
|
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ |
Тәуелсіздік жылдары шығарылған қазақстандық фильмдердің мерекелік онкүндігінің ашылуы Пресс-конференция 1) «қазақ киносының антологиясы»; 2) ҚР Тұңғыш Президенті-ұлт басшысы Н.Ә. Назарбаев туралы деректі фильмдер топтамасы; «Бәйтерек» фильмінің көрсетілімі |
11.00-12.00-де Астана, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 19.45-20.40-де «Керуен» «Кинопарк-7» кинотеатры, 5 зал |