6 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 6 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

61 жыл бұрын (1963) «КазРосГаз» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлан Қадырұлы ӘБДРАСҰЛОВ дүниеге келді.

 Нұрлан Қадырұлы ӘБДРАСҰЛОВ
Фото: сайт/ kazrosgas.kz

Қарағанды ​​қаласында туған. 1987 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін өндірісті автоматтандыру және механикаландыру мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті).

2000 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде оның еншілес ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы болып қызмет атқарды. Кәсіпорынның бірінші директоры, оның ішінде магистральдық газ құбырларындағы газтурбиналық қондырғыларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген тәжірибелі маман. «КазРосГаз» ЖШС құрылғаннан бері (2002 ж. маусым) маркетинг және көліктік логистика бөлімін басқарды. 2006-2015 жылдар аралығында «КазРосГаз» ЖШС бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2015-2021 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды. 2021-2022 жылдары «Түркістан» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниясы) бас директоры болып жұмыс істеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

57 жыл бұрын (1967) «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші опера солисі Гүлзат Бейсенқызы ДӘУІРБАЕВА дүниеге келді.

Гүлзат Бейсенқызы ДӘУІРБАЕВА
Фото: Instagram/ daurbaeva1

Шымкент қаласында туған. Құрманғазы атындағы консерваторияның ән факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1985 жылы Алматыдағы Опера және балет театры жанындағы вокалдық хор студиясына оқуға түсті. 1985-1993 жылдары осы театрда хор әртісі болды. 2001 жылдан Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі болып еңбек етті.

Вердидің «Реквиемінен» сопрано партиясын, «Тоскасындағы» Тоска, «Богемада» Мими, Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында Татьяна, «Қарғаның мәткесінде» Лиза, «Иолантада» басты партия, Төлебаевтың «Біржан - Сарасында» Сара, Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» Ақжүніс, Ғ. Жұбанованың «Құрманғазы» операсында Әуес, Б. Жұманиязовтың «Махамбетінде» Зылиха партияларын орындап жүр. Гастрольдік сапармен Италия, Венгрия, Ресей қалаларында өнер көрсетті. Мәскеудің Үлкен театрының шақыруымен «Евгений Онегин» операсындағы Татьяна партиясын орындады (2003 жылы).

Бернд Вайкель атындағы халықаралық әншілер байқауының (2002 жылы) және Астана қаласынды өткен Күләш Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының (2002 жылы) лауреаты атанған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. Ш. Қалдаяқов халықаралық конкурсының, Б. Вайкль атындағы халықаралық әншілер конкурсының, К. Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының лауреаты.

55 жыл бұрын (1969) Конституциялық соттың аппарат жетекшісі Зере Орынтайқызы ӨТЕБАЕВА дүниеге келді.

Зере Орынтайқызы ӨТЕБАЕВА
Фото: gov.kz

Мәскеу экономика және құқық институтын және Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының аспирантурасын бітірді. Заңгер, саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінде жетекші маман, бас маман, құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары департаментінің бөлім бастығы, 2001-2008 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінде комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшылығының консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінде заңнама бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2008-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметі қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, 2016-2019 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары, 2019-2023 жылдары Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы қаңтар айынан атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1978) Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Айдар Демегенұлы ҚАСАНОВ дүниеге келді.

 Айдар Демегенұлы ҚАСАНОВ
Фото: Астана қаласының ПД

Жаңаөзен қаласында туған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын бітірген (2002).

Еңбек жолы: Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі (2002-2008); Жаңаөзен қалалық ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі (2008); Ақтау қалалық ІІБ тергеу бөлімінің аса ауыр қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы (2008-2009); Жаңаөзен қалалық ІІБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары (2009-2011); Жаңаөзен қалалық ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі (2011-2012); Жаңаөзен қалалық ІІБ тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы (2012); Жаңаөзен қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы (2012-2015); Жаңаөзен қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (2015-2018); Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (2018 ж.); Ақтау қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары (2018-2019); Жаңаөзен қалалық ІІБ бастығы (2019).

46 жыл бұрын (1978) Павлодар облысының әкімі Асаин Қуандықұлы БАЙХАНОВ дүниеге келді.

 Асаин Қуандықұлы БАЙХАНОВ
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысында туған. Павлодар университетін, экономика және менеджмент (2000) мамандығы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (2017). Procredit Holding AG және European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) неміс халықаралық банк холдингінің біліктілікті арттыру корпоративтік орталығында (2006) дәріс тыңдаған.

Еңбек жолы: 2003-2007 жылдары Қазақстанда Еуропа Қайта Құру және даму банкінің кеңсесі жүзеге асыратын бағдарлама бойынша банк секторында жұмыс істеді. ProCredit Holding AG неміс халықаралық банк холдингінде басшылық лауазымдарды атқарды. Киевтегі «ПроКредит Украина» ЖАҚ атқарушы директоры болды. 2007-2009 жылдары «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, 2009-2015 жылдары ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2015-2020 жылдары «ҚазАгроӨнім» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2021 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2021-2022 жылдары Павлодар қаласының әкімі болды.

Қазіргі қызметін 2021 жылғы шілде айынан атқарып келеді.

41 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрідүниеге келді.

 ТУЛЕУШИН Каныш Аманбаевич
Фото: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Жезқазған қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады. 2004-2005 жылдары «Темірбанк» АҚ филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі, 2006-2007 жылдары «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сауда-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриалық-инновациялық саясат департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2013-2016 жылдары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры, 2016-2017 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы болды. 2018 жылдан коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы маусым айынан атқарып келеді.

85 жыл бұрын (1939-2015) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш КЕКІЛБАЕВ дүниеге келді.

Әбіш КЕКІЛБАЕВ
Фото: novoetv.kz

Атырау облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар реферантурасының басшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 және 13-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 1-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-шақырылымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі, 2007-2010 жылдары ҚР Парламент Сенатының депутаты – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі болды.

Соңғы жаңалықтар