600 дана қой терісін заңсыз шекара асырмақ болған қазақстандық азаматтар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында үлкен көлемдегі қой терісін өткізу дерегі тіркелді, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.
None
None

Қордай шекара жасағына қарасты «Карасу авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары жалпы саны 600 дана болатын қой терісін шекара арқылы заңсыз өткізуге тырысқан қазақстандық екі азаматты ұстады.

Ұсталғандар «Форт Транзит» деп аталатын екі автокөлікпен өтуге тырысты. Ал аталған терілер екі машинаға 300 данадан бөлініп салынған екен.

Ұстау дерегі бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Жүк ветеринарлық-санитарлық инспекцияға тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар