63,5 келі салмақта лицензиялық турнирге баратын боксшы спарринг арқылы анықталады

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы Таиландта өтетін лицензиялық турнирге 63,5 келі салмақта баратын боксшыны ресми түрде спарринг арқылы анықтайды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтты. 

Төрехан Сабырхан А
Фото: instagram.com / boxingkazakhstan

Отандық боксшылар жеті олимпиадалық салмақтың алтауында жолдама алды. Ал 63,5 келі салмақтың мәселесі екі іріктеу турнирінде де шешілген жоқ. Olympic.kz сайтының хабарлауынша, қазіргі таңда бұл салмақта лицензиялық турнирге қатысуға ниетті алты боксшы бар. 

«Мұндай турнирді алғаш рет өткізгелі отырмыз. Іріктеуге қатысатын боксшыны осындай спаррингпен таңдаймыз. Жеңіске жеткен спортшы лицензиялық жарысқа қатысады», - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. 

Астанада өтетін кішігірім турнирде 6 боксшы бақ сынайды. Олардың тізімі төмендегідей:

Ертуған Зейнуллинов

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Дулат Бекбауов

Төрехан Сабырхан

Жандос Қыдырәлиев

Серік Теміржанов

Таиландтағы соңғы лицензиялық турнир 8-11 сәуірде өтеді. 

Айта кетейік, бұған дейін «Ұлы Жібек жолы» турнирінде 5 боксшымыздың алтынға таласатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар