66 жастағы семейлік полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

патрульная полиция патрульдік полиция
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 25 қаңтарда сағат 18:10–да болған. 

Бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын мас күйде учаскелік полиция пунктінің маңындағы «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберді. Бұл көліктер полиция қызметкерлеріне тиесілі болған.

— Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Риддерде полицияға бірнеше рет қоңырау шалып балағаттаған ер адам сотталғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум