664 мыңнан астам қазақстандық стационар таңдау құқығын пайдаланды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда науқастардың  дәрігерді және медициналық мекемені еркін таңдау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде,
None
None

деп хабарлады pm.kz сайты.

«Бастапқы медицина-санитарлық көмектің сапасын арттыра түсетін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі 2013 жылға қарай жасақталады», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде сөйлеген сөзінде.

Сапалы медициналық қызметке қолжетімділікті қалыптастыру және жер-жерлерде жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту мақсатында мемлекет өңірлердегі денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көрсеткішін жыл сайын еселеп келеді.

«Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы басқаруды жақсарту, бюджет қаржысын тиімді пайдалануды жетілдіру, дәрі-дәрмектерге деген қолжетімділікті кеңейту және олардың сапасын арттыру, сондай-ақ профилактикалық шараларды күшейту шараларының есебінен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталып отыр», - деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес стационарларда ем қабылдаған 664 мың адам стационар таңдау құқығын пайдаланды, оның ішінде ауыл азаматтарының үлесі 45,5 пайызды құраған.

Жаңа технологияларды, заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу арқылы өңірлерде бәсекеге қабілетті медицинаны дамыту аймақтық денсаулық сақтау ұйымдарына барушылардың жоғары пайызын қамтамасыз етіп отыр. Атап айтқанда, өз өңірлерінде ем қабылдаған азаматтар 95,3 пайызды құраса, өз өңірлерінен басқа аймақтарға барып емделген халық үлесі 4,7 пайыз. Халықтың 13,2 пайызы республикалық клиникаларды арнайы көмекке ие болса, оның 30 пайызын ауыл азаматтары құрайды.

Оған қоса, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізіле бастағалы бері елімізде керует-орындарының қоры қайта құрылымдау және олардың пайдалану тиімділігін арттырудың есебінен 2010 жылғы 104 мыңнан 102 мың бірлікке азайып, орынмен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда сәйкесінше 62,5 және 64,5 құрады. 2011 жылы еліміздің емханаларында 2 018,3 мың науқас ем қабылдады.

Тағы бір айтатын мәселе, бастапқы денсаулық сақтау саласы жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап бастапқы медицина-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың, учаскелік терапевтерге арналған екінші медбикелер мен жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге арналған үшінші медбикелердің лауазымдары енгізілді. Жастары 60-тан асқан қарияларға үй жағдайында ем жасау көрсеткіші 2010 жылғы деңгейден 2,4 есеге артты.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің пациентке бағыттылығы денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамытады және медициналық қызметтерді жаңа сапалық деңгейдегі шығаруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар