«7-20-25» бағдарламасы: 4 мыңға жуық өтініш мақұлданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 7-20-25 бағдарламасы аясында 3391 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы аясында 5298 өтінім берілген. Олардың ішінде құны 40,7 млрд теңге болатын 3391 өтінім мақұлданды», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы  болатынын 5 мамырда хабарлаған еді.

Ұлттық банк бекіткен бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар 7% жылдық мөлшерлемемен 25 жылға беріледі. Келесі шарттарының бірі - алғашқы салым 20% болмақ. Жаңа ипотекалық займдарды ҚР кез келген азамат ала алады. Ол үшін ең басты шарт - адамның басында жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау және Шымкент қалаларынан ең максималды 25 млн теңгеге, қалған өңірлерде 15 млн теңгеге баспана сатып алуға болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін жалпы саны 50 мың данадан кем емес тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар