«7-20-25» электрондық порталы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жеңілдікті ипотекаға сұраныс жоғары. «Баспана» ипотекалық компаниясының дерегі бойынша, банктер өткен жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша бір жұмыс күнінде орта есеппен 30 несие берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
None
None

Тұрғын үй бағдарламасына жоғары қызығушылықты алматылықтар білдіріп отыр. Сарапшылар мұны тұрғындардың төлем қабілеттілігі деңгейінің жоғарылығымен және құрылыс қарқынымен түсіндіруде. Соңғы деректер бойынша, банктің оң шешімін 1 мың тұрғын алған. Берілген қарыз көлемі - 12 млрд теңге. Алматыда жыл сайынғы тұрғын үй құрылысының көлемі 3 млн шаршы метрді құрайды. Құрылыс қарқыны биыл да жалғасуда. Мемлекеттік бағдарламаның шарты бойынша, ең қымбат пәтердің құны 25 млн теңгеден аспауы қажет.

Бағдарламаның қаржы операторы клиенттер үшін арнайы тұрғын үй порталын әзірлеп жатыр. Бұл портал уақыт өте келе Қазақстанның барлық өңірін қамтитын болады.

«Менеджерлер құрылыс компанияларына хабарласып тұратын болады. Портал құрылыс компанияларына да тиімді. Себебі, бір дереккөз арқылы әлеуетті сатып алушылар баспананың бар-жоғын біле алады. Бұл, тұрғындар үшін де өте ыңғайлы болмақ. Қай пәтердің сатылымда екені, оның әр шаршы метрінің құны туралы мәліметтер алып, суреттерін көре алады. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз», - деді «Баспана» ипотекалық компаниясы» АҚ коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Айбар Олжаев.

Соңғы жаңалықтар