13:26, 06 Маусым 2022 | GMT +5
7-9 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде 7-9 маусым аралығында жел күшейіп, жаңбыр жауады, күн күркірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында күн ашық болады. Елдің солтүстігінде ауа температурасы 23-30 ға дейін, оңтүстікте 33 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ орталықта 27-35, шығыста 28-33 градус жылы болады. Елдің оңтүстік-батысында 37-42 градусқа дейін күн ысиды. Тек елдің шығысында ғана түнгі уақытта жердің бетінде үсік жүреді»,-делінген синоптиктердің хабарламасында.