73 жыл бұрын (1949) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан мемлекеттік премиясының лауреаты – Гүлжамал Мұқажанқызы ҚАЗАҚБАЕВА дүниеге келді. Алматы облысының тумасы. 1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады. 1994 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет институты) «драма және театр актрисасы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1969 - 1978 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актриса. 1978 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Марапаттары: 1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 1992 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағымен марапатталды. 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін медалі», 2011 жылы «Құрмет ордені», 2016 жылы «ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медальімен марапатталған.
42 жыл бұрын (1980) «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, журналист Айбын Бақытұлы ШАҒАЛАҚОВ дүниеге келді. Алматы облысының бұрынғы Шелек ауданына қарасты «Нұрлы» ауылында туған. Алматыдағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 орта мектебін бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 2000-2009 жылдар аралығында «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінде тілші, сараптамалық-ақпараттар бөлімінің меңгерушісі болды. 2009-2013 жылдары «Алаш айнасы» газеті Астана бюросының жетекшісі, 2013-2016 жылдары Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің сарапшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, Басқарма Төрағасының орынбасары-Бас редактор қызметтерін атқарған.