10:50, 09 Қараша 2013 | GMT +5
7 айлық сәбиді тоқ соғып, қаза тапты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қаратал ауданындағы Үштөбе ауруханасына жатқызылған 7 айлық қыз бала есін жинамастан көз жұмды.

Анықталғандай, қыз баланы ата-анасының үйінде, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлмелердің бірінде тоқ соққан. Дәл осы бөлмеде сәби жалаңаш сымды ұстап қалған.
Аталған факті бойынша тергеуалды тексеру жүргізілуде. Құқық қорғаушылар оны жазатайым оқиға ретінде қарастыруда.