7 центнер спирт өнімдерін, 27 қап түсті металдарды Өзбекстанға өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-өзбек шекарасында спирт пен түрлі-түсті металды заңсыз алып өтпек болған азамат қолға түсті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
None
None

Жетісай шекара отрядына қарасты «Орынбай» заставасының наряды 50 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол 7 центнер спирт өнімдерін (барлығы 540 шөлмек, әр шөлмек 1,5 литрден), 27 қапқа салынған түсті металдарды шекарадан заңсыз алып өтуге тырысқан.

«УАЗ» көлігіне тиеліп, Өзбекстанға өткізілмек болған жүк шекарашылардың қырағылығының арқасында әшкереленді.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар