05:19, 19 Сәуір 2024 | GMT +5
7 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

19 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Астана, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.