7 қаңтарда ауа райы қандай болады

АСТАНА.KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері 2026 жылғы 7 қаңтар, сәрсенбі күні ел аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

боран
Фото: Александр Павский / Kazinform

Мамандардың мәліметінше, циклонның және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал елдің шығыс өңіріне қалың қар түседі деп болжанған.

– Қалған аумақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады, – деп метеорологтар сендіріп отыр.

Күн райының бұзылуына байланысты Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады.

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қыс мезгілінде сақтық шараларын қатаң сақтауға, дауылды ескертулерді тұрақты қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысынан Астанаға қосымша пойыздар жолға шықты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум