7 мамыр. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 7 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандар назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1956) Д. А. Қонаев атындағы Университеттің құрметті профессоры, «Экология» Ұлттық академиясының академигі, техника ғылымының кандидаты Эльдар Асқарұлы ҚОНАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1978-1979 жылдары - Қазақстан ҒА Ядролық физика институтының инженері. 1979-1983 жылдары - Қазақстан ҒА Металлургия және кен байыту институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері. 1983-1987 жылдары - Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1987-1988 жылдары - Қазақстан кәсіподақтары республикалық кеңесінің нұсқаушысы. 1988-1989 жылдары - Қазақ политехникалық институтының ғылыми қызметкері. 1989-1992 жылдары - Қазақстан ҒА Металлургия және байыту институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, «Заман» шағын өндірісінің директоры. 1992 жылдан Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті, президенті. 1998-2001 жылдары - Алматы облыстық Жоғары экономикалық кеңесінің бөлім бастығы. 2001-2004 жылдары - ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі Төтенше жағдайларды ескерту департаментінің директоры, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының орынбасары. 2004 жылдан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар аймағын мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары болған. 2010-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулы қызметін атқарды. 2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы консулы.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақ теміржолының жүз жылдығы» (2004); Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын (2006) алған.

62 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Имятұлы СӨНТАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. 1981-1983 жылдары КСРО Қарулы күштерінде әскери борышын өтеген. 1992 жылы С. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген.

1992-1993 жылдары - Павлодар облысы Краснокутск ауданы прокуратурасының тергеушісі, 1994-1997 жылдары - Бас прокуратураның ІІМ органдарындағы тергеу және анықтауды қадағалау бойынша аға көмекшісі, 1997-1998 жылдары - Ақмола облысы Ерейментау ауданының прокуроры, 1998 - 2000 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры, 2000-2002 жылдары - Астана қаласы прокурорының орынбасары, 2002 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2002-2004 жылдары - KEGOK заң басқармасы бастығының орынбасары, 2004-2006 жылдары - Астана қалалық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары, 2006-2008 жылдары- ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы, ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2008-2009 жылдары Атырау облыстық ІІД бастығы. 2009-2010 жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарағанды облыстық департаменті бастығының орынбасары, 2011-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы. 2014-2016 жылдары - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облыстық департаментінің басшысы. 2016-2018 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облыстық департаментінің басшысы.

2020 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалімен, 2015 жылы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен, 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және бірнеше ведомстволық наградалармен наградталды.

61 жыл бұрын (1962) Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлы ДӘУЛЕТАЛИН дүниеге келді.

Орынбор облысында туған (РКФСР). Қазақ политехникалық институтын (инженер-механик); Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы дипломатиялық академиясын (халықаралық қатынастар) тәмамдаған. Дж. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздікті зерттеу орталығында (2004) оқыған.

Еңбек жолы: Ақтөбе қаласы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының токарь шәкірті (1978); Шымкент қаласы ұста-баспақ қондырғысын өндіретін өндірістік бірлестіктің бас конструкторы бөлімінің инженер-конструкторы, өндірістік оқыту шебері (1984-1986); әртүрлі жылдары Парламентте, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікте жұмыс істей жүріп, мемлекеттің заңнамалық базасының қалыптасуына, сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызметтің құрылуы және реформалануына тікелей қатысты. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Ұйымдастыру, кадр жұмысы және активтері департаментінің директоры орынбасары (2015); Кәсіподақтар федерациясы жүйесінің ұйымдарының жұмысшыларының «Ыңтымақ» жергілікті кәсіподағының төрағасы (2015-2016); Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры (2016-2019); ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары (2019-2020).

2020 жылдың мамырынан бастап ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы қызметінде.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары: Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені.

49 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Қарақат Жақсылыққызы ӘБДЕН дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Алматы халық шаруашылығы, маркетинг және коммерция институтын бітірген.

Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында бастады. 10 жылдан астам Қазақстан Республикасы Салық комитетінің Орталық аппаратында жұмыс істеді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі директорының орынбасары қызметін атқарды.

Астана қаласы мәслихатының VI шақырылым депутаты және мәдени-әлеуметтік даму бойынша комиссия төрағасының орынбасары болған. Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып еңбек еткен.

«Сәбилер үйі» мамандандырылған мекемесінің және қалалық балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйіндегі 15 тәрбиеленушінің менторы және тәлімгері болған.

2022 жылы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қарақат Әбденнің кандидатурасы президент сайлауына ұсынылды. Сайлау қорытындысы бойынша 2,6 % көрсеткішпен үшінші орын иеленді.

2023 жылдан бастап «Ауыл» ХДПП мүшесі.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Қазіргі қызметіне 2023 жылы кірісті.

48 жыл бұрын (1975) Астана қаласының әкіміЖеңіс Махмұдұлы ҚАСЫМБЕКдүниеге келді.

Жамбыл облысы Шу қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997), Еуразия университетінің мемлекеттік және муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылдан - «ТемірБанк» ААҚ бас маманы. 1998 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде теміржол көлігі және порттар бөлімінің бастығы. 1999 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы. 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Келіктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы. 2000 жылдың сәуірінен мамырына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2000 жылдың мамырынан қазанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті директорының м.а. 2000 жылдың желтоқсанынан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Су көлігі департаментінің директоры. 2004 жылдан - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры. 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі. 2009 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылғы наурыз-маусым айларында - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрі. 2018-2019 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (02.2019-09.2019). 2019-2022 жылдары – Қарағанды облысының әкімі.

Қазіргі қызметінде - 2022 жылдың желтоқсан айынан.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдармен марапатталған.

47 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Ләззат Тұяқбайқызы РЫСБЕКОВА дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін есепші-қаржыгер мамандығы бойынша (1997); Алматы қ. Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамадығы бойынша (2001) тәмамдаған.

Еңбек жолы: қаржылық бақылау басқармасы қызметтер саласы бөлімінің аға бақылаушы-тексерушісі (1997-1998); «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі – Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының бухгалтерия балансын келтіру секторының есепшісі, әкімшілік-құқық қызметінің маманы, бөлімше бизнесін дамыту бойынша жетекші маманы, менеджментті дамыту бөлімінің жетекші маманы, менеджментті дамыту бөлімінің бастығы, шарттық-құқықтық жұмыс бойынша кеңесші заңгері (1998-2003); Батыс Қазақстан прокуратурасының жалпы қадағалау басқармасының маманы, жемқорлықпен күрес бойынша топтың маманы, жалпы қадағалау басқармасы прокурорының көмекшісі (2003); бөлімшенің бизнесті дамыту бойынша маманы, ұйымдастыру бөлімінің бастығы, байланыс операторларымен келісу бөлімінің бастығы (2003-2011); «Орал гуманитарлық колледжі» мемлекеттік емес мекемесінің қаржы директоры (2011-2015); «Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер ассоциациясы» ҚҰ төрайымы (2015 жылдан бастап).

2020 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.

Марапаттары: «Білім саласындағы инновация мен салт-дәстүрдің сақталуына қосқан үлесі үшін», Женева, Швейцария (2014); «Ұйымды басқарудағы жетістіктері үшін», Лондон, Ұлыбритания (2015).


Соңғы жаңалықтар