09:19, 07 Мамыр 2017 | GMT +5
7 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстік шығыста бұршақ жаууы ықтимал, тек Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, желдің екпіні 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз найзағай болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай болады.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде үсік жүреді.