7 отандасымыз World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады

АСТАНА.KAZINFORM – World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

7 қазақстандық спортшы World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

Рейтингіге сәйкес, Ерлер және әйелдер арасындағы барлығы 20 салмақ дәрежесінің ішінде 18 салмақта Қазақстан боксшыларының есімі енген. Олардың қатарында 7 отандасымыз көш бастады.

Қазақстан боксшыларының әлемдік рейтингі төмендегідей:

Ерлер:

50 келі – Санжар Тәшкенбай (1-орын);
55 келі – Махмұд Сабырхан (1-орын);
65 келі – Ертуған Зейнуллинов (7-орын);
70 келі – Төрехан Сабырхан (1-орын);
75 келі – Сабыржан Аққалықов (9-орын);
80 келі – Нұрбек Оралбай (2-орын);
85 келі – Дәулет Төлемісов және Бекзат Нұрдәулетов (9-орын);
90 келі – Сағындық Тоғамбай (7-орын);
+90 келі – Айбек оралбай (1-орын).

Әйелдер:

48 келі – Назым Қызайбай (1-орын);
51 келі – Алуа Балқыбекова (2-орын) және Жәзира Орақбаева (11-орын);
57 келі – Карина Ибрагимова (10-орын), Ұлжан Сәрсенбек және Айдана Забынбекова (15-орын);
60 келі – Виктория Графеева (3-орын);
65 келі – Аида Әбікеева (1-орын);
70 келі –Наталья Богданова (1-орын);
75 келі – Надежда Рябец (12-орын);
80 келі – Гүлсая Ержан (6-орын);
+80 келі – Елдана Тәліпова (3-орын).

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде 14-21 қазан аралығында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар