7 тамыз. Тұлғалар туған күн

27 шілде. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

Бүгін, 7 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1966) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Дүниежүзілік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Қанайұлы ТІЛЕУХАН дүниеге келді.

календарь
Фото: wikipedia.org

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген. 1992-2001 жылдары – Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары – Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары – Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары – «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты.

2021 жылдың желтоқсанынан бастап бастап қазіргі қызметінде. «Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

54 жыл бұрын (1970) Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Ерлан Әлімжанұлы БАЙДӘУЛЕТ дүниеге келді.

календарь
Фото: АҚИҰ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих және саяси экономика мамандығы бойынша бітірген (1992); Сент-Галлен университеті, банк ісі және қаржы саласындағы MBA (1994).

Еңбек жолы: Талғар аудандық әкімшілігі басшысының көмекшісі (1993-1994); консалтинг/компанияны басқару (1994-2000); Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі (2001-2005); «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті (2005-2006); Еуразиялық даму банкінің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы (2006-2010); ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы ИЫҰ елдері бойынша кеңесші (2010-2019); және шамамен. Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық жөніндегі өкіл, ИДБ-нің 7 мүше-еліне жауапты атқарушы директоры (2011-2014); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі аға сарапшысы (2018-2019); Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас директорының міндетін атқарушы (05.2019-08.2019).

2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.

Жаһандық исламдық қаржыландыру индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін Жаһандық исламдық қаржыландыру сыйлығының иегері.

55 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Ольга Александровна БУЛАВКИНА дүниеге келді.

календарь
Фото: senate.parlam.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша, 2000 жылы қыржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: 1993-2000 жылдары мамандағы бойынша түрлі салаларда қызмет атқарған. 2000-2001 жылдары – «ШҚО қоршаған ортаны қорғау қоры» ММ бас маманы. 2002-2008 жылдары – «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ жалпы, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы. 20018-2012 жылдары – «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы. 2012-2014 жылдары – ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары. 2014-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары. 2016-2019 жылдары – ШҚО Өскемен қаласы әкімінің орынбасары. 2019-2020 жылдары – ШҚО Бородулиха ауданының әкімі.

2020 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1976) ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Мереке Мәтімұлы КҮШІКБАЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында туған. 1997 жылы Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Қарулі күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған. Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары – 43053 әскери бөлімшенің танк взводының, танк ротасының командирі, штаб бастығы – танк батальоны командирінің орынбасары, батальон командирі; командирі; 2005-2007 жылдары – 32039 әскери бөлімшесінің командирі; 25744 әскери бөлімшесінің штаб бастығы – командирдің бірінші орынбасары; 2007-2012 жылдары – 10810 әскери бөлімшесінің командирі; 2012-2013 жылдары – 25744 әскери бөлімшесінің командирі; 2013-2017 жылдары – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы; 2017 жылы – Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – ҚР ҚК ӘҚ десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы; 2017-2020 жылдары – штаб бастығы – ҚР ҚК ӘҚ десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары; 2020-2021 жылдары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Аэро-десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы.

2023 жылдың жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Болатұлы СҮГІРБАЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі

Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар институтын елтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: 2005-2008 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы, атташесі; 2008-20012 жылдары – Сингапурдағы Қазақстан елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы; 2012-2015 жылдары – ҚР СІМ Халықаралық комитетіндегі қызмет; 2015-2021 жылдары – ҚР СІМ Америка департаментінің жетекшісі.

2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.

2015 жылы «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», 2017 жылы «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл», 2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum