7 тамызда республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше,
None
None

2012 жылдың 7 тамызында республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен өткінші жаңбырлар жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Мәселен, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз күн қатты ысиды.

Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күндіз күн қатты ыстық болады.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар