7 жасар бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 7 жастағы қыз бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған. Оны туыстары шығара салмаған соң, құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 жасар бала су толтыратын ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Жетісай ауданының Атакент елді мекеніндегі үйлердің бірінде болған. Ата-ана қарауынсыз қалған жеткіншек су толтыруға арналған алюминий құтыға денесімен кіріп, қыстырылып қалған.

«Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облыстық ТЖД-ның 4 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 12:30-да арнайы құрылғы арқылы контейнерді кесті, баланы жарақатсыз алып шығып, ата-анасына тапсырды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.