7 жыл бойы алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы төлемеген. 

7 жыл бойы алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелді
Коллаж: Kazinform

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан.

2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңге.

— Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімі бойынша борышкер ҚК-тің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетелік СҚО-да биыл алимент бойынша тоғыз борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған еді

Соңғы жаңалықтар