7 жыл болашақты байыптауға жететін уақыт -

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Шілденің 1-індегі дерек бойынша тұрғын үй құрылысы жинағы бойынша банк пен клиенттер арасындағы келісімдердің саны 400-ден 183 905-ке дейін өсті. Оның жалпы сомасы 301,8 миллиард теңгені құрады. Ал алғашқы жартыжылдықта 56 миллиардтан астам теңгенің 27 мың келісімі жасалды. Сондай-ақ 2005 жылдың сәуір айынан 2010 жылдың шілдесіне дейін 21 мың тұрғын үй құрлыс жинақ жүйесінің қатысушысына 66 миллиард теңгенің заемдары берілді. 11 миллиардтан астам теңгенің 3,6 мыңнан артық заемы биылғы жартыжылдықтың үлесіне тиеді", дейді Нұрбібі Наурызбаева. "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ы Басқарма төрайымының сөзіне қарағанда, еліміздегі бірден-бір тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің танымалдығы қазір 60 пайызды құрап отыр. 7 жылдың ішінде банк активтері 77,5 миллиард теңгеге, несиелік қоржыны 55 миллиард теңгеге, депозиттік базасы 32,1 миллиард теңгеге дейін жетті. Ал меншікті капитал 18,7 миллиард теңгені құрады.