70-ке жуық офицер тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиындарына қатысады (ФОТО)

«Тәртіп пен патриотизм - Қазақстан жастарының сәтті болашағының кепілі. Тәрбие құрылымдары офицерлерінің тапсырмасы тәрбие және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, ҚР Қарулы Күштерінде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудан түрады. Өзінің конституциялық Отанды қорғау борышын атқарып жатқан мерзімді сарбаздардың моральдық-психологиялық дайындығына, шақырылушылардың сапалы іріктелуіне үлкен көңіл бөлінеді», - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары - ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов. Жиынды өткізу барысында қатысушылардың алдында ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы департаменттерінің басшылары, офицерлер сөз сөйледі. Барлығы оқу-әдістемелік жиынға шамамен 70 адам қатысты.