70 жастағы зейнеткер мектепке барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір кездері анасының кеңесімен мектепті тастап кеткен мельбурндік зейнеткер мектепті бітіруге және емтихан тапсыруға шешім қабылдады.
None
None

Австралияда 70 жастағы ең үлкен оқушы 12 сыныпқа емтиханын тапсырады. ХХ ғасырдың 50-жылдары анасының «білім қыздарға арналмаған» деген кеңесіне құлақ асып, мектепті аяқтамаған, деп хабарлады Daily Mail.

Мельбурн (Австралия) қаласында тұратын 70 жастағы Джоан Оливер 12-сынып оқушыларымен бірге бітіру емтиханына дайындалып жүр.

«Менің анам мектепке оқығанша, жұмыс істеп, отбасыма ақшалай көмектесуімді қалады», - деді Оливер.

Қазір зейнеткер аяқталмаған істі қайта қолға алды және өз шешіміне дән риза. Оливер 50-жылдармен салыстырғанда, көп нәрсенің өзгергенін айтуда. Мәселен, жастардың жаргон сөздері. Зейнеткер үшін бәрінен қиыны әлеуметтік желідегі ұнатуды білдіретін «лайк» сөзі екен.

Бірақ Оливердің білімге құштарлығы басым, ол мектепті бітірген соң, университетке, құқықтану факультетіне құжат тапсырады.

Соңғы жаңалықтар