700 мыңға дейін ақша алған: шекарадан адамдарды заңсыз өткізген қылмыстық топ ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Қазақстанға заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

шекара
Фото: pxhere

Облыстық полиция депараментінің мәліметінше, заңсыз арнаның ұйымдастырушылары шетел азаматтары болған. Күдіктілер шетел азаматтарының елге заңсыз кіруін және заңдастырылуын қамтамасыз етіп отырған. Өз қызметтері үшін олар әр мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін ақша алған. 

– Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден ондаған шетелдік паспорт, медициналық сақтандыру полистері, қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ есірткі заттары мен діни кітаптар тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшесі құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады департаменттен.

Аталған дерек бойынша заңсыз миграцияны ұйымдастыру, алаяқтық және есірткі заттарын заңсыз сақтау баптары бойынша алты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, шілдеде шекарада 4,7 мың заң бұзушы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар