712 азаматтың қаражаттарын шет елдердің банктерінде сақтап отырғанын білеміз - Қаржы министр

«Мемлекеттік кіріс органдарының желісі бойынша шетелдегі мүлікті жария ету құны 7 млрд теңгені құраса, шетелдегі мүлкін жария етуге жүгінгендер саны 182 адамға жетті. Біз шетелдегі мүлкін жария етудің бөлігінде әлі де әлеуеттік бар деп ойлаймыз. Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП желісі бойынша сенімгерлік басқарудағы, бірлескен бизнес қоғамдастық мүлкін жария етуде үлгілік ісі болмағанын атап өткім келеді. Кезінде жария ету туралы заңға сенімгерлік басқару бойынша өзгеріс енгізуге ҰКП өзі бастамашылық жасаған болатын. Сондықтан мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әріптестерімізді өздерінің мүшелерінің арасында осы бағытта жұмысты жандандыруға тағы да шақырамын», - деді Б.Сұлтанов.
Сонымен қатар министр науқанды кідіртіп жатқан бірнеше факторлар болуы мүмкін екендігін айтты.
«Қазір жалпыға ортақ декларациялау мерзімін 2020 жылға дейін шегерілуіне байланысты жылдың соңына дейін жеделдетіп мүлікті жария етудің қажеті жоқ деген жалған пікірлер қалыптасуы мүмкін. Бұл жерде ең маңызды мәселеге көңіл аудару керек. Жария ету жөніндегі науқан аяқталғаннан кейін азаматтарға қылмыстық, әкімшілік және салықтар бойынша рақымшылық жасау қолданылмайды. Жалпыға ортақ декларация тапсыру тек бақылау процесінің тағы бір қадамы болмақ. 2020 жылға қарай уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің кемшіліктері жойылып және деректер базаларының синхрондау процесі толық аяқталады», - деді ол.
Б.Сұлтанов қазір де азаматтардың Қазақстаннан тысқары орналасқан мүліктерін қадағалауға мүмкіндік беретін механизмдер бар екендігін атап өтті.
Шетелдегі капиталы декларациялау туралы Салық кодексінің қолданыстағы нормаларын ешкім жойған жоқ екендігін де еске салғым келеді. Қазіргі уақытта, біз 712 азаматтың 52 валютада қаражаттарын шет елдердің банктерінде сақтап отырғанын көріп отырмыз. Сонымен, егер тек кең таралған үш валютаға тоқталсақ, 517 млн долларды 240 азамат, 30 млн евроны 237 азамат және 23 млн фунт стерлингті 123 азамат декларациялаған. Бұл азаматтар Салық кодексінің нормаларын орындап «тыныш ұйқтайтындар», деді министр.