73 жастағы ұлытаулық қария әлем бойынша жаяу марафонға аттанады

«Мен қайтадан байланыстамын достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. «Ештен кеш жақсы» демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім.
Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет», - деп жазды қария.
Еске салайық, С.Қотырашев 2022 жылы наурыздың соңғы күнінде Қазақстан өңірлерін жаяу аралау үшін сапарға шықты.
Ұлытаудан басталған марафон 1 қазанда Ақтау қаласында аяқталды. Ол барлығы 8 шақырымды жаяу еңсерді.
2 қазан күні ол Астанаға келіп, жұртшылық әуежайдан жиһангезді сән-салтанатпен күтіп алды.