77 жастағы жеңімпазбен танысыңыздар!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Жамбыл ауданында өткен шахматтан аудандық турнирдің жеңімпазы - 77 жастағы ақсақал болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі спорт басқармасына сілтеме жасап. Аудан орталығы Асы ауылының тұрғыны Сатыбалды Оспанов өзінен әлдеқайда жас қарсыластарын ұпай саны бойынша (11 ұпай) артта қалдырып, жеңіске жетті. Бұл ақсақалдың бірінші спорттық жеңісі емес көрінеді. Шахмат турнирі Жамбыл ауданында салауатты өмір салтын ұстану апталығы аясында өткен.
Соңғы жаңалықтар