8 адам Қырғызстан президенті болуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан ОСК-ына елдегі президент сайлауына түсуге ниетті 8 азаматтан өтініш түсті, деп хабарлайды Kabar.
Орталық сайлау комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеті үміткер өз өздерін ұсынған болса, тек біреуін - бұрынғы премьер-министр Темір Сариевті партия ұсынып отыр.
ОСК-ына өтініш берушілердің қатарында: Назакүл Нышанова - «Қырғызстан патриоттары» партиясының басшысы, Өмірбек Текебаев - «Атамекен» партиясының басшысы, Арыстанбек Абдылдаев - «Аурдин» ЖШҚ директоры, Бақыт Дегенбаев - «Марко» фирмасының Бішкектегі өкілдігі қауымдастығының төрағасы, Рита Қарасартова - «Қоғамдық сараптама институты» ҚБ директоры, Сайндин Султанидинов - «Маро» фирмасының Бішкектегі латвиялық өкілдігінің директоры (Латвия), Камила Шаршекеева Халықаралық Орталық Азиа университетінің проректоры және бұрынғы премьер-министр Темір Сариев.