8 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 8 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
51 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ерболатұлы ДӘЛЕНОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. 1999 жылы Ыстанбұлдағы Мәрмәр университетін бітірген, экономист.
1999-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызметкер, мұнай, газ және энергетика бөлімінің бастығы, Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің бастығы, 2002-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар мен келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін атқарушы. 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы, 2003-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры, 2005-2008 жылдары жеке компанияның директоры, «Инвестициялар рентабельділігін зерттеу агенттігі» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі, 2008-2017 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі болды. 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
2021 жылдың ақпан айынан бастап Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметінде.
51 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Үрістемұлы ӘБІЛДИНОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қапшағай ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы, 2001 жылы «Тұран» университетін заңгер, 2006 жылы Еуразия нарық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1997-2000 жылдары Қапшағай қаласы «Умелец» ЖШС-да инженер-механик, экономист, бас маман, 2000-2002 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде инспектордың міндетін атқарушы, Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, 2002-2007 жылдары Қапшағай қаласы Салық комитетінің жетекші салық инспекторы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде бас салық инспекторы, 2007-2008 жылдары Қапшағай қаласы Салық комитетінің бас салық инспекторы-сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, 2008-2010 жылдары Алматы қаласы Салық департаменті бөлімінің жетекші маманы-жетекші салық инспекторы, бөлімнің бас маманы-бас салық инспекторы болып қызмет атқарған. 2010-2013 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім бастығы, Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім бастығы, Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім бастығы, 2013-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бөлім басшысы, 2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде бөлім басшысының міндетін атқарушы, бөлім басшысы, 2015-2021 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2021-2024 жылдары Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың 7 ақпанынан бері атқарып келеді.
48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Смәділұлы МЕҢІЛБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. 2002 жылы Ливияның Триполи қаласындағы Исламға шақыру университетін бітірген, араб тілі және исламтану бакалавры. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, филология магистрі.
2002-2005 жылдары Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, 2005-2006 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы, 2006 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы, 2006-2011 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, 2011-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы, 2012-2015 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі, 2015-2017 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2017-2019 жылдары ҚР Дубайдағы Бас консулы, 2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті Елшісі қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1980) ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштер қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Қанатбек Бақытұлы ЖАЙСАҢБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер», 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «экономист» мамандығымен тәмамдаған.
2000-2001 жылдары Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында мұғалім, 2001-2005 жылдары Қызылорда облыстық әкімшілік сотының бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының маманы, бас инспекторы, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС заңгері, 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2010-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1982) VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Васильевна СМЫШЛЯЕВА дүниеге келді.

Қостанайда туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген, химия пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің химия кафедрасының оқытушысы, 2005-2006 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Аграрлық-биологиялық институты директорының тәрбие ісі және қоғамдық келісім жөніндегі орынбасары, 2006-2008 жылдары «Ровесник» Қостанай облыстық педагогикалық ұжымы» ҚБ бағдарлама жетекшісі, 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалы идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі, 2013-2015 жылдары «Қостанай облысының қоғамдық педагогикалық қозғалысы» ҚБ төрағасы, Қостанай перинаталдық орталығы бас дәрігерінің маркетинг жөніндегі орынбасары, 2015-2021 жылдары «Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, 2021-2023 жылдары AMANAT партиясынан партиялық тізім бойынша VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2023 жылдан бері қазіргі қызметінде.
39 жыл бұрын (1987) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары Бахтияр Берікұлы АСАУТАЕВ дүниеге келді.

Ол академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2010), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияны (2023) бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарды (2008-2012); Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары (2012-2019); Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары (2019-2020); Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары (2021-2025).
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.