05:06, 08 Ақпан 2025 | GMT +5
8 ақпанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 8 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.

Синоптиктер болжамынша, солтүстік антициклон Қазақстан Республикасының басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
— Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар жауады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте — көктайғақ күтіледі, — делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.
Осыған дейін демалыс күндері күн райы қандай болатыны анықталды.