8 градус суық болады, үсік жүреді: 2 қарашаға ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет 2 қарашада ауа райының қауіпті құбылыстарына байланысты ескерту жариялады.

погода_снег, қар, ауа райы, үсік
Фото: Kazinform/ЖИ

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 2 қарашада төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да 2 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыста 3-8 градус суық болып, үсік жүреді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 2 қарашада түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүреді . Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 2 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі . Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус суық болып, үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 қарашада түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар. Таразда 2 қарашада жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 қарашада жоғары өрт қаупі бар.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 2 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысында 1-6 градус суық болып, үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 2 қарашада өрт қаупі жоғары.

Алдағы күндері бірнеше өңірде жел күшейіп, шаңды дауыл соғатынын жазған едік.