8 қаңтардағы мәлімет бойынша ҚР-да 43,6 млрд теңгеге мүлік жария етілді - ҚР ҚМ
«ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша сомасы 43,6 млрд теңгеге 7 802 нысан жария етілді», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға жалпы сомасы 124,9 млрд теңгеге 16 046 өтініш келіп түсті: жалпы сомасы 91,8 млрд. теңгеге 12 797 тұрғын үй нысаны; жалпы сомасы 31,7 млрд. теңгеге 7 406 тұрғын емес нысандар, оның ішінде 18,4 млрд. теңгеге 1 516 коммерциялық нысандар; сомасы 0,7 млрд. теңгеге 13 заңды тұлғаларға қатысу үлесі; сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар.
Бұдан өзге, ҚР тыс жерлерде мүлікті заңдастыру бойынша 2015 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша салық органдарына сомасы 421 мың теңгеге тұрғын үй нысаны бойынша 1 өтініш келіп түсті.
«Мүлікті заңдастыру (ақшаны қоса алғанда) бойынша акцияда Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Мұнда мүлікті жария ету комиссиясына 5665 және тиісінше 3359 өтініш келіп түсті», - делінген ведомствода.
ҚР Ұлттық Банкі есебінің деректеріне сүйенсек, 6.01.2015 ж. жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерде жалпы сомасы 9,6 млрд. теңгені заңдастыруға 51 жинақ есепшоты ашылған. Олардан бюджетке ақша заңдастырғаны үшін 338,0 млн. теңге жиын төлей отырып, 3,1 млрд. теңге алынған. ҚР экономикасына 2,9 млрд. теңге инвестицияланды.
Еске салсақ, Қазақстанда мүлікті және капиталды жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Алдын ала есептеу бойынша, жалпы 10-12 млрд долларға дейін сомаға мүлікті жария ету күтілуде.