8 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 8 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
54 жыл бұрын (1971) Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары Асқар Ахметұлы ЖОЛАМАНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, 1992 жылы Қазақ политехникалық институты жанындағы әскери дайындықтан өткен (1992).
Еңбек жолы: 1994-1995 жылдары взвод командирінен бастап штаб бастығы — әскери бөлім командирінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары Михайлов әскери артиллериялық академиясының тыңдаушысы болды. 2007 жылы 29108 әскери бөлімі командирінің орынбасары қызметін атқарды. 2007-2011 жылдары 10181 әскери бөлімінің командирі, 2011-2012 жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары — ҚР ҚК АэҰӘ қолбасшысы басқармасы әскер тектері артиллериясының бастығы, 2012-2013 жылдары ҚР ҚК АэҰӘ қолбасшысы басқармасы зымыран әскерлері мен артиллерия бастығы болды. 2013-2015 жылдары Ұлттық қорғаныс университеті ӘМБ факультетінің тыңдаушысы, 2015-2017 жылдары ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы, 2017-2019 жылдары Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының орынбасары — ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы басқармасының штаб бастығы қызметін атқарған. 2018-2022 жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысы, 2022-2024 жылдары университет басшысының орынбасары — ҚР Ұлттық қорғаныс университеті «Қарулы Күштері Бас штабы академиясы» факультетінің бастығы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.
54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулы Ерлан Ұзанұлы ЫСҚАҚОВ дүниеге келген.

Алматыда туған. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1993-1998 жылдары СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, 2002-2008 жылдары онда әртүрлі басшылық жұмыстарды атқарды. 2008-2014 жылдары Алматы қаласындағы «МЕТРО Кэш& Кэрри» ЖШС компаниясы бас директорының орынбасары, 2014-2017 жылдары Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, 2018-2019 жылдары ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (2019-2021), 2021 жылы ҚР СІМ аппаратының жетекшісі қызметін атқарған.
2021 жылдың қыркүйек айынан бері қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Болатбекұлы ҚОНЫСПАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын Еуропалық зерттеулер мамандығы бойынша бітірді. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының түлегі.
Дипломатиялық қызметін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2001 жылы Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесінен бастады. 2002-2003 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде атташе, 2003-2007 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшы қызметін атқарды. 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне аға кеңесші ретінде жұмысқа ауысты. 2008-2014 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары қызметінде болды. 2017 жылы СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы, 2017-2019 жылдары СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры, 2019-2022 жылдары ҚР-ның Майндағы Франкфурт қаласындағы (Германия) Бас консулы лауазымын атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Сансызбайұлы ҚЫСТАФИН дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, халықаралық заңгер мамандығын алған. Одан кейін Брюссель қаласындағы Еуропалық халықаралық стратегиялық зерттеулер институтынан халықаралық қатынастар магистрі болып шығады.
Еңбек жолы: 1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әділет басқармасының сот приставы, 2001-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігі заң қызметі департаментінде қызмет, ҚР СІМ халықаралық құқық департаментінде атташе, 2002-2005 жылдары ҚР СІМ аппаратының заң бөлімінің үшінші хатшысы, бастығы, 2005-2007 жылдары ҚР СІМ мемлекеттік тіл және заң сараптамасы басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ әкімшілік департаменті директорының орынбасары, 2009-2010 жылдары ҚР СІМ әкімшілік департаментінің директоры, 2010-2015 жылдары ҚР-ның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші уәкілі, 2016-2019 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің жетекшісі, 2019-2021 жылдары ҚР-ның АҚШ-тағы кеңесші уәкілі лауазымын атқарды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.