8 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 8 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
67 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ақылтай Ахметжанұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.
Түмен облысында (РСФСР) туған.
Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1974-1975 жылдары «Алма-Атаотделстрой» тресінің СМУ-39 сылақшысы, 1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов аудандық прокуратурасының стажер тергеушісі, 1980-1981 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютин аудандық прокуратурасының стажеры, 1981-1983 жылдары Петропавл қаласы Куйбышев аудандық прокуратурасының стажер, тергеушісі, аға тергеушісі, 1983-1987 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 1987-1990 жылдары Петропавл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының орынбасары, 1990-1993 жылдары Жезқазған облыстық сотының төрағасы, 1993-1999 жылдары Ақмола облыстық сотының төрағасы, 1999-2004 жылдары Қарағанды облыстық сотының төрағасы, 2004-2010 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2010-2015 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы.
2015 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист.
Еңбек жолы: 1993-1994 жылдары «Edem Ltd» ЖШС экономисі, 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, «Алмаз және Компания» ТПО-ның экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бастығы, 1997-1998 жылдары «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» жабық акционерлік қоғамының шоғырландырылған қаржы басқармасының бастығы, экономика жөніндегі вице-президенті, 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры, 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті, 2001-2007 жылдары «KEGOC» ААҚ президенті, 2003-2007 жылдары Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы, «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2007-2008 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ басқарма төрағасы, 2008-2009 жылдары «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы, 2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі.
«Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасына 20 жыл» , «Астанаға 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
44 жыл бұрын (1980) Қазақстан тау-кен палатасының президенті Руслан Нұрашұлы БАЙМЫШЕВ дүниеге келді.
«Фемида» заң академиясын, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, кейіннен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
42 жыл бұрын (1982) Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы ЕСМАХАНОВ дүниеге келді.
«Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қызылорда гуманитарлық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін бітірген.
Еңбек жолы: 2006 жылы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы, 2007-2008 жылдары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2008-2012 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, 2012-2014 жылдары Қарауылтөбі ауылдық округінің әкімі, 2014-2015 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, 2015-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Қызылорда облыстық әлеуметтік даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.
37 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс вице-министрі Жаннат Балғабайқызы ДҮБІРОВА дүниеге келді.
Қостанайда туған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары «Бимаш» ЖШС жоба жетекшісі, 2008-2010 жылдары «ДИТ Цеснабанк» АҚ бас менеджері, 2010-2012 жылдары ENRC Logistics көлік тобының IT директорының орынбасары, 2012-2013 жылдары ENRC Group IT өнімділігі менеджері, 2013-2016 жылдары PricewaterhouseCoopers LLP (PwC) кеңесшісі, 2016-2017 жылдары «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2022 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» РҚБ МКҚК басшысы, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.