8 мыңнан астам ауыл халқы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша шағын несие алды

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» екінші бағытын жүзеге асыру аясында ауылдық елді мекендердің 8 мыңнан астам тұрғындары өз ісін дамытуға шағын несие алды.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Шағын несиені 8 мыңнан астам адам алса, 11 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді.

Жалпы, бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері оған 200 мыңның үстіндегі адам қатысқан. Қатысушылардың жалпы санының 30%-ы өз бетімен күн көрушілер, 69 %-ы - жұмыссыздар.

Бірінші бағыт бойынша 59 мың адам оқытылып, 38,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек министрлігінің ақпарына қарағанда, 2012 жылы 28 мың адам оқытылған, мобилді еңбек ресурстарын арттыру мақсатында бүгінгі күнге дейін 764 үй салынып, 8 мың адам көшіріліп- қондырылды, олардың ішінде еңбек етуге жарамдысы - 3 789 адам, қоныстанушылардың 60%-дан астамы жұмысқа орналастырылды.

Төртінші жаңа «Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша әлеуметтік инфрақұрылымның 563 нысаны қайта жөндеуден өткізіліп, соның есебінен 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар