8 сәуір. Жылнама
Kazinform оқырман назарына 8 сәуірге арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1990 жылы ҚазКСР мемлекеттік комиссиясы «Целинтрансстрой» тресі салған қазіргі Нұр-Сұлтандағы теміржол вокзалын пайдалануға беру туралы актіге қол қойды.
1992 жылы Еуропалық одақ комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды.
1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді.
2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Тәуелсіз Қазақстанның шақалары» атты фото көрмесі өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлердің қатарында «Қызыл кітап», «Номадтар алтыны», «Тарихи-сәулет ескерткіштері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Спорт», «Көне Түркістан» сериялары бойынша шыққан шақалардың суреттері бар.
2008 жылы Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Ресейдегі қазақтар» кітабының таныстырылымы өтті. Хронологиялық қағида бойынша құрастырылған екі томдық жинаққа 600-ден астам өмірбаяндық анықтамалар енгізіліп отыр. Мұрағат материалдарына, анықтамалық-энциклопедиялық әдебиетке, жеке сауалдарға негізделген бұл кітапта әр жылдары Ресейде тұрған, сондай-ақ қазір де сонда тіршілік кешіп жатқан ұлты қазақ айрықша тұлғалар таныстырылады. Кітап нақты бір адамның тағдыры арқылы жаңа дәуірде Қазақстан мен Ресей аумақтарында орын алған тарихи және көші-қон үдерістерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған үдерістердің барысында Ресейде қомақты қазақ диаспорасы қалыптасып, бүгінде онда 1 миллионнан астам қазақ тұрып жатыр.
2010 жылы Тель-Авивте отандық мәдениет тарихында алғаш рет бағдарламасы толықтай қазақ композиторларының туындыларынан құралған Израиль симфониялық оркестрінің концерті өтті.
2010 жылы Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қара сөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Абай еңбегін орыс тіліне аударған Клара Серікбаева. Ал ағылшын тіліне түркітанушы Ричард Маккейн аударды. Кітапты шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармаларын әлемге таныстыру. Аталмыш кітапты «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігі 4000 данамен шығарды.
2011 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанаты өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына ант беріп, оған ҚР Президентінің куәлігі табысталды.
2016 жылы кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Мәңгілік аспан астында» фильмі «Білім әлемі» (The World of Knowledge) Х ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Сценарийдің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы алынған. Фильм Қазақ хандығының құрылуына арналған. Әрқайсысы 26 минутқа созылған 10 бөлімнен тұрады.
2017 жылы Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Ыстанбұлда «Түркі әлеміне қызмет еткені үшін» халықаралық сыйлығымен марапатталды. Сыйлықты «Жібек жолы» («Ипек йолу») стратегиялық зерттеулер орталығы және журналы тағайындаған.
2017 жылы қазақстандық дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) Анталияда өткен халықаралық Grand Prix турнирінде екі алтын медальға қол жеткізді. Жарысқа 34 мемлекеттен 252 спортшы қатысқан болатын.
2018 жылы Чехияның Подебрады қаласында 18 жастағы қазақстандық Екатерина Шлыкова 10 шақырымға дейінгі спорттық жүрістен халықаралық байрақты турнирде екінші орын алды.
2019 жылы Целиноград ауданы, Ақмол ауылындағы «Рухани жаңғыру» мәдениет және демалыс саябағында «Ұлы даланың ұлы есімдері» Даңқ аллеясының салтанатты ашылуы, көне түркі мемлекетінің қолбасшысы және мемлекет қайраткері Күлтегін, ақын әрі уағызшы Қожа Ахмет Яссауи, аты аңызға айналған мемлекет қайраткерлері Тәуке хан, Абылай хан, Байбарыс сұлтан және Кенесары Қасымов, Төле би сияқты ұлы тұлғалардың портреттері орнатылды.
2022 жылы Димаш Құдайбергеннің әндері Жапонияның ең ірі университеті The Open University of Japan оқу бағдарламасына енді.
Университетте орыс тілін оқытудың жаңа курсы ашылды, онда студенттер Димаш Құдайбергеннің «Мен сені сағындым», «Білемін» және «Шаршаған аққулардың махаббаты» атты үш әнімен танысады.
2022 жылы Алматы мұражайында әйгілі актердің шығармашылығына арналған «Абызға айналған Асанәлі» көрмесі өтті.
Іс-шара барысында Асанәлі Әшімов Алматы мұражайының қорына жеке мұрағатындағы бірқатар заттарды сыйға тартты. Бұл Асанәлі Әшімовтің 70 жылдығына орай шығарылған кітаптар мен журналдар, сандық фильмдер жинағы. Шахмат, «Янтарь» шахмат сағаты, Абай Құнанбаевтың бюсті, плакаттар мен буклеттер, Ә.Нұрпейісовтың «Асанәлі Әшімов» және «Қан мен тер» стереопластинкасы. «Оруақ» және «Қыз Жібек» фильмдерінің сандық көшірмелері жетекші актерлардың қолтаңбаларымен. Сондай-ақ визитка ұстаушылар, қалам, Мәдени мұраны сақтау қоры президентінің грамотасы және кәдесыйлар.
2024 жылы Жерде күннің толық тұтылуы болды. Күннің бірінші тұтылуы Астана уақыты бойынша 21:39-да басталып, 9 сәуірде 00:55-те аяқталды.2024 жылдың 8 сәуіріндегі тұтылу бұрынғысынан әлдеқайда ұзақ болды. Бұл жолы Ай Жерге әлдеқайда жақындады.