8 тамыз. Тұлғалар туған күн

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 8 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР 

40 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Жұмабекұлы ҚАЖКЕНОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: госэкспертиза.kz

Көкшетау облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, «инженер» біліктілігімен бітірген (2006); «Көкше» академиясы «Құқықтану» мамандығы бойынша (2015 ж).

Еңбек жолы: «Арч-Идеа» ЖШС инженер-электригі (2006-2008), «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС инженер-конструкторы (2008-2009), «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы (2009-2011), «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету секторының жетекші маманы (2011-2012), «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (2012-2013), «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс бөлімінің бастығы (2013-2015), «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны әдістеме бөлімінің басшысы (2015-2016), «Мемсараптама» РМК Солтүстік аймақтық филиалы директорының орынбасары (2016-2017), «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорнының әдістеме бөлімінің басшысы (2017 ж.), «Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары (2017-2021), «Мемсараптама» РМК бас директоры қызметін атқарды (2021-2024).

2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

58 жыл бұрын (1966) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Мейрамбекұлы САРТБАЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: primeminister.kz

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды ​​мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша (1990), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген (1997).

2000–2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды. 2000-2002 жылдары ҚР Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары. 2003-2006 жылдары «Қазақтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы. 2006-2007 жылдары Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры болды. 2008-2012 жылдары «Номад» ЖШС директорының орынбасары, 2012-2013 жылдары «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары, 2013-2015 жылдары ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары болды. 2015-2018 жылдары ҚР ПІБ РМК директоры, 2018-2019 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі лауазымында болды. 2019-2021 жылдары «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

52 жыл бұрын (1972) Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Сейтіқалиұлы ҒАЙСА дүниеге келді. Көкшетау облысында туған. Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген.

календарь
Фото: Көкшетау қаласының әкімдігі

1994-2013 жылдары жекеменшік салада жұмыс істеген. 2013-2014 жылдары «Nur Otan» партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдары «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2016-2018 жылдары Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, 2018-2019 жылдары Қорғалжың ауданының әкімі болды. 2019-2021 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.

2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

47 жыл бұрын (1977) «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Данара Қизатқызы ӘЛІМБАЕВА дүниеге келді.

календарь
Фото: kazhydromet.kz

Метеорология және қаржы мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ қолданбалы экология бағыты бойынша магистр дәрежесі бар. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады. 2003-2009 жылдары инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы болды. 2011-2015 жылдары метеорология департаментінің директоры, 2015-2017 жылдары Экологиялық мониторинг департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарды. 2017-2020 жылдары «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болған.

2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1980) - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Анас Ахатұлы БАҚҚОЖАЕВ дүниеге келді.

календарь
Фото: parlam.kz

Жетісу өңірінде туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша (2001), Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің магистратурасын бітірген.

Оның агроөнеркәсіптік кешенде 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Әртүрлі салаларда (мекемелерде) басшылық қызметтер атқарған. Асыл тұқымды малдардың есебін жүргізу бойынша бірқатар ақпараттық жобалардың авторы (ІАС). «Отбасы кодексі» кітабының авторы, «Дәуір дәрісі» мультимедиялық жобасының бірлескен авторы.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас маманы (2001-2003); «Қазагромаркетинг» АҚ департаментінің директоры (2003-2009); Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының бас директоры (2009-2011), «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарушы директоры (2012-2013), «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2013-2015), Қарағанды ​​қаласындағы ет комбинатының директоры (2015-2016), «Атамекен» АЭС» Агробизнес орталығының сарапшысы (2016-2017), «Асыл Түлік» АҚ басқарма төрағасы (2017-2018), «BioProfi» компаниясының директоры (2019-2020), Қазақ радиосындағы «Аграрлық Қазақстан» бағдарламасының жүргізушісі (2018-2022).

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1980) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Анас Ахатұлы БАҚҚОЖАЕВ дүниеге келді.

Жетісу өңірінде туған. 2001 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің магистратурасын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2001-2003 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас маманы 2003-2009 жж. «Қазагромаркетинг» АҚ департаментінің директоры 2009-2011 ж. Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының бас директоры 2012- 2013 ж. «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарушы директоры 2013-2015 жж. «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасының орынбасары 2015-2016 ж. ж. Қарағанды ​​қаласындағы ет комбинатының директоры 2016-2017 ж. «Агробизнес» ҰКП» Агробизнес орталығының сарапшысы. «2017-2018 жж. «Асыл түлік» АҚ басқарма төрағасы 2019-2020 жылдары – «БиоПрофи» компаниясының директоры. Жалпы, агроөнеркәсіп кешенінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Асыл тұқымды малдардың есебін жүргізу бойынша бірқатар ақпараттық жобалардың авторы (ІАС). «Отбасы кодексі» кітабының авторы, «Дәуір дәрісі» мультимедиялық жобасының тең дәрежедегі авторы.

2023 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum