8 тамыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 8 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР 

48 жыл бұрын (1977) «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы ӘЛІМБАЕВА дүниеге келді.

Метеорология, қаржы, қолданбалы экология мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2022 жылы «Қазгидромет» кәсіпорнында техник-метеоролог болып бастаған. 2003-2015 жылдары осы кәсіпорында инженер-метеоролог, жетекші инженер-метеоролог, метеорология басқармасының басшысы, метеорология департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары «Қазгидрометтің» экология мониторингі департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары болып қызмет етті.

Қазіргі лауазымын 2020 жылдың наурызынан бері атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1980)Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIIІ шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Анас Ахатұлы БАҚҚОЖАЕВ дүниеге келді.

Жетісу облысының тумасы. 2001 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «Инженер-механик» мамандығы, 2021 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ ггротехникалық зерттеу университетінің магистратурасын «Экономика» саласы бойынша білім алған.

Еңбек жолы: 2001-2003 жылдары ҚР Ауыл шарашылығы министрлігінде бас маман, 2003-2009 жылдары «ҚазАгроМаркетинг» АҚ департамент директоры, 2009-2011 жылдары Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының бас директоры, 2012-2013 жылдары «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басқарушы директоры, 2013-2015 жылдары «ҚазАгроӨнім» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2015-2016 жылдары Қарағанды қаласындағы ет өңдеу комбинатының директоры, 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҰКП «Агробіліктілік» орталығының эксперті, 2017-2018 жылдары «Асыл Түлік» АҚ Басқарма төрағасы, 2019-2020 жылдары «БиоПрофи» компаниясының директоры, 2020-2022 жылдары «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы, Саяси кеңесі Президиумының мүшесі, 2018-2022 аралығында Қазақ радиосында «Аграрлы Қазақстан» хабарын жүргізген.

2023 жылдың наурыз айынан бастап Парламент Мәжілісінің 8 шақырылым депутаты.

41 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Жұмабекұлы ҚАЖКЕНОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, «инженер» біліктілігімен (2006), «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша (2015 ж) бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары «Арч-Идеа» ЖШС инженер-электригі, 2008-2009 жылдары «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС инженер-конструкторы, 2009-2011 жылдары «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, 2011-2012 жылдары «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету секторының жетекші маманы, 2012-2013 жылдары «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, 2013-2015 жылдары «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс бөлімінің бастығы, 2015-2016 жылдары «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны әдістеме бөлімінің басшысы, 2016-2017 жылдары «Мемсараптама» РМК Солтүстік аймақтық филиалы директорының орынбасары, 2017 жылы «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорнының әдістеме бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдары «Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, 2021-2024 жылдары «Мемсараптама» РМК бас директоры қызметін атқарды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1985) Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Әбілұлы ҚАСЫМОВ дүниеге келді.

Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. 2009-2017 жылдары «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 2017-2020 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 2020-2021 жылдары -«Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалы қазақ редакциясының шеф-редакторы, 2021-2022 жылдары республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 2022-2024 жылдары «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі, 2024-2025 жылдары Абай облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарды.

2025 жылдың ақпанынан бастап Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар