8 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 8 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

8 желтоқсан, ДҮЙСЕНБІ

Өзбекстанның Конституциясы күні. 1992 жылғы желтоқсанның 8-інде өткен Өзбекстан Жоғарғы Одағының 11-ші сессиясында қабылданды. Қырғызстанда радио және теледидар қызметкерлерінің күні. 1995 жылғы желтоқсанның 23-інде Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Румынияда Конституция күні. 1991 жылы дәл осы күні Румыния Конституциясы түбегейлі мақұлданған референдум болды. Ол елді басқарудың республикалық формасы мен билікті үш тармаққа - заң шығару, атқару және сот билігіне бөлуді ресми түрде бекітті.

Албанияда ұлттық жастар күні. Ел парламенті 2010 жылы ресми әрі ұлттық мереке ретінде бекіткен.

Болгарияда студенттер күні. Алғаш рет мереке ретінде 1903 жылы София университетінің 15 жылдығына орай атап өтілген. 1994 жылы 8 желтоқсанда барлық студенттердің ресми мерекесі ретінде жарияланды. Бұл күні болгарлық жоғары оқу орындарында сабақ болмайды.

Панамада Аналар күні. Аналар мерекесі ретінде бұл күні адамдар өз аналарын құттықтап, оларға сыйлықтар тарту етеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 23 жыл бұрын (1991) Беларусь, Ресей және Украинамен 1991 жылғы желтоқсанның 8-інде Минскіде ТМД құру туралы келісімінде қол қойылған мемлекетаралық бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды (ТМД). Бұл мемлекеттердің айтуынша, КСРО терең дағдарыс пен құлау кезеңінде өзінің өмір сүруін тоқтатты, олар достастықты саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдениет және т.б. жақтарынан дамытуға ынталанатынын айтты. 1991 жылғы желтоқсанның 21-де келісімге ТМД-ның Басты қағидалары мен мақсаттары декларациясына Беларусь, Ресей және Украинамен бірге Алматыда қол қойған Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан қосылды. 1993 жылы ТМД-ның Жарғысы қабылданды, онда мемлекеттер бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырады: адам бостандығы мен құқығын қамтамасыз ету, сыртқы саяси қызметті үйлестіру, ортақ экономикалық кеңістікте көлік және байланыс жүйесін дамыту ынтымақтастығын құру, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және иммиграциялық саясаттың сұрақтары, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, сыртқы шекараны қорғау мәселесіндегі ынтымақтастық. ТМД-ның нақты мүшелерімен қатар, өзге қызметтеріне қатысатын басқа қауымдастық мүшелері болуы мүмкін. ТМД мемлекет басшыларының отырысында кейбір мемлекеттер бақылаушы ретінде отырады. Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Мемлекетаралық экономикалық кеңес, Санкт-Петербордағы үкіметаралық ассамблеяның орталығы секілді тағы басқа органдары құрылды. ТМД-ның тұрақты жұмыс істейтін органы - Минскідегі үйлестіру кеңесі комитеті. 22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылды, оның президенті болып О.Жолдасбеков тағайындалды. Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия Қазақстандағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ғылыми ұйым болып табылады. Оның құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді, ол бүкіл қазақстандағы технопарктердің құрылуы мен дамуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындармен тығыз байланыста. Академияның ғылыми орталықтарының арасынан мынандай ұйымдарды: ғылыми-инженерлік ақпараттық-есептеуіш орталығы, «Мұнай» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазіргі заман технологияларының институты, Экологиялық сараптама институты және басқаларын атап өтуге болады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен АҚШ Ғылым академиясының бірігіп өткізген халықаралық сертификаттауынан табысты өтті. 20 жыл бұрын (1994) әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты университет бас ғимараты алдында әл-Фараби ескерткіші ашылды. 17 жыл бұрын (1997) Тегранда өткен (Иран Ислам Республикасы) Ислам Конференциясы Ұйымының VIII-ші Саммитте «Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары мәжілісінің шақырылымы бастамасын қолдау туралы» Қарар қабылданды. 17 жыл бұрын (1997) Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды. 14 жыл бұрын (2000) Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді. 9 жыл бұрын (2005) желтоқсанның 8-і мен 18-і аралығында «Қазпошта» АҚ Қазақстан қалаларында ІІ Папа Иоанн Павелді еске алуға арналған Польша Республикасының пошта маркалары көрмесін ұйымдастырды. Алғашқысы Алматы пошта ғимаратында өткізілді. Аталмыш шара «Қазпошта» АҚ-ының өзге мемлекеттердің пошталық әкімдіктерімен мәдени байланысын тереңдету және пошта маркаларымен алмасу мен марка жинау үрдісін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. 8 жыл бұрын (2006) Шотландиядағы Абердин қаласында Қазақстан Консулдығы жаңа кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. 7 жыл бұрын (2007) Алматыда қоғам қайраткері Болатхан Тайжанға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - Тимур Сүлейменов. Болатхан Тайжан (1941-2006) танымал дипломат, Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар министрінің бірінші орынбасары, Мысыр, Марокко, Тунис Алжир, Иордания, Сирия, Ливия, Малайзия елдеріндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, «Ұлт тағдыры - Ел тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалыстың төрағасы қызметтерін атқарған. КСРО Журналистер одағының мүшесі. 6 жыл бұрын (2008) Павлодардың Ертіс жағалауы балалары жазған «Слова, идущие от сердца» атты кітап жарық көрді. Онда облыстың 70 жылдығына арналған «Павлодарское Прииртышье - территория дружбы и согласия» атты байқауына жіберілген ең үздік әңгімелер, өлеңдер мен суреттер жарияланды. Шығармашылық жарыстың ұйымдастырушысы - Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы және «Звезда Прииртышья» атты облыстық газеті. Жас прозашылар мен ақындар шығармашылық шабыттарымен және сүйіспеншіліктерімен туған ауылы мен ауылдастары туралы айтып берді. Эссе мен өлең жолдардың авторлары - ауыл мен қала мектептерінің оқушылары, студенттер мен павлодарлық ұлттық жаңғырту мектебінің оқушылары. 5 жыл бұрын (2009) Осакада (Жапония) Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі болып өтті. Құрметті консул болып әлемге танымал «Тошиба» корпорациясының вице-президенті Широ Кавашита тағайындалды. Консулдықтың ашылу салтанатына Жапонияның ресми тұлғалары, ірі компаниялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Елшілік аясында Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Осакадағы Құрметті консулдығының басты міндеті екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту болып табылады. ЕСІМДЕР 89 жыл бұрын (1925-2009) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі БАТЫРБЕКОВ Мүштай дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1957-1978 жылдары - Қазақ политехникалық институтының ассистенті, аға оқытушысы, факультет деканы, сырттай оқу жөніндегі проректоры. 1978-1985 жылдары - Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігі Жоғары оқу орындары бас басқармасының бастығы. 1985-1989 жылдары - Қазақ политехникалық институтының проректоры. 1989 жылдан зейнет демалысына шыққан. Оның 7 монографиясы, 130-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Ақтау, Шығыс Қазақстан техникалық, Павлодар университеттерінің және Атырау мұнай және газ институтының құрметті профессоры. 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. 80 жыл бұрын (1934-1984) Қазақ КСР-нің волейболдан еңбек сіңірген жаттықтырушысы ДЕМИН Юрий Михайлович дүниеге келді. Ақтөбе қаласында туған. Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтын (Қазақ спорт және туризм академиясы) бітірген. Алматы қалалық білім беру бөлімі № 1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. КСРО чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері А.Портной, Н.Рагозин, ағайынды Виталий мен Вячеслав Шапрандарды баптаған. 76 жыл бұрын (1938-1984) жазушы, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚОНАРБАЕВ Ермек Ламәліұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. «Новопокров» кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы, Ленин атындағы орта мектептің мұғалімі, Сергеев аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кеңшар партия комитетінің хатшысы, «Ленин туы» газетінің меншікті тілшісі, Новопокров орта мектебінің мұғалімі, Ақбалшық сегіз жылдық мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Қаламгердің «Түнгі от», «Жол басы», «Қас қағым сәт», «Тиек» атты әңгімелер мен повестері жарық көрген. 74 жыл бұрын (1940) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қытайдың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Үздік дарын» сыйлығының лауреаты РЫСКЕЛДИЕВ Тұрсынәлі Мырзабайұлы дүниеге келді. ҚХР-дың Іле аймағында туған. Шыңжаң университетін бітірген. 1998 жылы тарихи Отаны - Жетісу жеріне көшіп келген. Оның үш кітаптан тұратын «Тасқын» трилогиясы, «Өркен», «Мысал әңгімелер», «Бесік» атты әңгімелер жинағы, «Тау тағысы»,«Ұлы көш» романдары, «Қара көлдің балықтары» атты повестер топтамасы, «Қос аққу» комедиялық пьесалар жинағы, «Тамызық» жинақтары, тағы басқа көптеген туындылары бар. Ол қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі бейнеленген «Іле салтанаты» көркем фильмінің сценарийін жазған. 72 жыл бұрын (1942) жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ Қажығали дүниеге келді. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. Одан кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор, аға редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналының бас редакторы болған. Кейінгі жылдары ҚР Президенті аппаратында, Парламентте, «Таңшолпан» журналында қызмет істеген. Р.Акутагаева, С.Моэм, П.Мэриме, Ги де Мопассан, Д.Фонвизин, С.Чубек, Л.Хонвано, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин, т.б. жазушылардың жекелеген әңгімелерін және түрікмен жазушысы Т.Жұмагелдиновтің «Егес» атты кітабын, орыс жазушысы А.Скалонның «Бақыттың алтайы түлкісі» атты әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған. Өзінің де бірқатар әңгімелері шетелдерде жарияланған ұжымдық жинақтарға енген. «Сырым батыр» атты романының алғашқы тарауларын әдеби журналдарда жариялады. «Сырым Датұлы» жинағын құрастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған. 2003 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медальмен марапатталған, Байғанин ауданының Құрметті азаматы. Шығармалары: Жұлдызды түндер. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Тоғай сыбдыры. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Жаңғырық. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1978; Старые друзья. Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1981; Қайдасың сен, махаббат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984; Дороги жизни. Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1986; Сынық терезе. Әңгімелер мен хикаяттар. «Елорда», 2003; Жалғыз жиен. Әңгімелер мен повестер. «Жазушы», 2005; Алабұға, аққайран. «Бауыр», 2008, «Тар кезең», роман, 20212. 51 жыл бұрын (1963) медицина ғылымының докторы, профессор АЙДАРХАНОВ Арман Тергеуұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, докторанты болған. 1998-2000 жылдары - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі. 2004-2006 жылдары - Астана қаласы «Орталық жол ауруханасы» акционерлік қоғамының бас дәрігері. 2006-2008 жылдары Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2 монографияның және 45 ғылыми жарияланымның авторы. 153 жыл бұрын (1861-1938) француз актері, режиссер, иллюзионист, театр және кино кәсіпкері, алғашқы киностудиялардың бірін құрушы МЕЛЬЕС Жорж дүниеге келді. 80 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресей театр және кино әртісі, КСРО халық әртісі ФРЕЙНДЛИХ Алиса Бруновна дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар