8 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 8 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
66 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Азаматтық альянсының президенті Бану Ғаниқызы НҰРҒАЗИЕВА дүниеге келген.

Алматы облысында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы — филолог (1979).
Еңбек жолы: 1979-1988 жылдары Алматы облысы Шелек ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1988-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің идеологиялық бөлім нұсқаушысы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінде үйірме жетекшісі, әскер, авиация және флот жанындағы еріктілер қоғамында мұғалім, 1992-1997 жылдары Шелек ауданы әкім аппаратының Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі, ұйымдастыру бөлімінде референт, 1997-2002 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, 2002-2005 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық әкім аппаратының жетекшісі, Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры, 2005-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары «Восточный Медиа Экспресс» ЖШС директоры, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының саясат қызметі бөлімінің меңгерушісі, 2008-2010 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс департаментінде директордың қызметін атқарушы, 2010-2014 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры (2012 жылдан — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі), 2014-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдан бастап Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының бас директоры болды.
2020 жылдың қыркүйегінен бері қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған.
59 жыл бұрын (1966) ҚР Жоғарғы сот судьясы Ғалымжан Жарылқасынұлы МЫРЗАКЕ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Қаратау ауылында туған. 1995 жылы «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» Қазақ политехникалық институтын, 1997 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1984-1999 жылдары «Қаратау» өндірістік бірлестігінің энергоцех слесарі, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің слесарь-жөндеушісі, Көпбағдарлы «Оян» кооперативінің жүргізуші-механигі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 өрт сөндірушісі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 қарауыл бастығы, Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, Қаратау қалалық прокурорының қоғамдық көмекшісі, Жамбыл облысының Талас аудандық прокурорының аға көмекшісі қызметтерінде болды. 1999-2002 жылдары Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы, 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2005-2010 жылдары Қостанай облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқа төрағасы, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы болды. 2012-2015 жылдары — Қостанай облыстық сотының төрағасы.
Қазіргі қызметін 2015 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1976) «Мемлекеттік сараптама» РМК Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ержан Амангелдіұлы ТІКІБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген (инженер-құрылысшы).
Еңбек жолы: 1999-2000 жылдары Усть-Таловка кентіндегі Құрылыс-монтаждау басқармасында ШҚМХК ағаш ұстасы-бетоншы, 2000-2002 жылдары Усть-Таловка кентіндегі Құрылыс-монтаждау басқармасында ШҚМХК күрделі құрылыс шебері, 2002 жылы Усть-Таловка кентінде салынып жатқан жерасты Артемьев кенішінің қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас инженерінің орынбасары, 2002-2003 жылдары Усть-Таловка кентіндегі Құрылыс-монтаждау басқармасының бас инженері, 2003-2005 жылдары Усть-Таловка кентіндегі ШҚМХК комбинаты басқармасының ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қадағалау жөніндегі жетекші инженер, 2005-2006 жылдары «ШҚО МСҚББ» ММ сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау бөлімінің бастығы, 2006-2012 жылдары Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдары «СтройТехЭксперт» ЖШС директорының орынбасары, 2013-2022 жылдары «Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі бойынша филиалының директоры болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
«Мемсараптама РМК» 30 жыл» (2018), «Ерен еңбегі үшін» (2020), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», (2021) медальдарымен марапатталған.
43 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Ельдар Әбдікенұлы ӘБДІКЕНОВ дүниеге келді.

Абай облысында туған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Академиясын (2004) құқықтану мамандығы бойынша, Орталық Азия университетін (2007) қаржы және несие мамандығы бойынша, Каспий қоғамдық университетін (2021) құқық магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: 2004 жылы Алматы облысы Ішкі істер бас басқармасы Криминалдық полиция басқармасы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, 2004-2006 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық Ішкі істер басқармасы қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, 2009-2012 жылдары Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (аймақтық) бөлімінің бастығы, 2012-2013 жылдары ҚР ІІМ Қылмыстық полиция комитетінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Оңтүстік аймақтық басқармасының аса қауіпті қылмыстарды ашу және бандитизмге қарсы күрес тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, 2013-2014 жылдары ҚР ІІМ Қылмыстық полиция комитетінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Оңтүстік аймақтық басқармасының аса қауіпті қылмыстарды ашу және бандитизмге қарсы күрес тобының аса маңызды істер жөніндегі бас жедел уәкілі, 2014-2018 жылдары Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2018-2019 жыыылдары Алматы облысы ІІД Қапшағай қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы, 2019 жылы Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, 2019-2022 жылдары Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары, 2022 жылы Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, 2022-2025 жылдары Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары, 2025 жылы Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың қазан айында кірісті.