8 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 08:00–де республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық.

Ақтөбе облысы

«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 0-234-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы — Қостанай облысы шекарасы).

Қостанай облысы

«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234-310-шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысы шекарасы — Адаевка ауылы).

Қызылорда облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806-шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейін).

Көлік қозғалысы шектеуі

Сондай-ақ бірнеше өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл –РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ01 Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығында (Анар стансасынан Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Ауа райы

8 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазгидромет 8 желтоқсан күні еліміздің 15 облысында боран, көктайғақ және тұман болатынын ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар