80 доллардан асады – Ұлттық банк мұнай бағасына болжамын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM – Brent маркалы мұнай бағасы жақын арада өсуі мүмкін. Мұндай болжамды брифинг барысында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтты. 

мұнай бағамы
Коллаж: Kazinform; Pixabay

— Brent маркалы мұнай бағасы қаңтар басында барреліне 80,0 долларды көрсетіп, төрт айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Бағаның өсуі жеткізілім үзілетіндей қауіп тудыратын АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларымен, сондай-ақ АҚШ-та мұнай қорының қысқаруымен және Иранға қарсы салынған санкциялардың күшейтілуімен байланысты. Аталған факторлар, сондай-ақ ОПЕК+ шектеулері және геосаяси шиеленістер жақын арада осы жоғары бағаларға қолдау көрсететін болады, - деді ол. 

Бұл Ұлттық банктің өткен жылғы қараша айында ақша-кредит саясаты туралы жариялаған баяндамасындағы болжамына қарағанда әлдеқайда жоғары. Онда 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 70 АҚШ долларынан аспайды делінген. 

Айта кетейік, бұған дейін өткен жылы Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 53,8 млн тонна мұнай тасымалдағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар