80 медициналық ұйымның кредиторлық қарызы бар

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қанша медициналық ұйымның берешегі бар екенін көпшілікке мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарыз
Фото: ҚазАқпарат

Ведомство басшысы бүгінде берешек кез-келген медицина ұйымында бар екенін атап өтті. Ол қарыздар жылдың соңына дейін жабылады. Ал берешегін төлемей, уақыты өтіп кеткен нақты 80 ұйым бар.

«Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар болады. Екі тіпті кейбір ұйымдардың осындай бес жылдан астам төленбеген қарызы бар. Ел бойынша олардың саны – 80. Бүгінде біз денсаулық сақтау басқармалары және әкімдіктермен бірлесіп, осы ұйымдарды «оңалту» бойынша жоспар әзірледік. Қарызы көп ұйымдар көбіне жедел медициналық көмек көрсететін клиникалар. Олардың берешегін өтеу үшін биыл екінші жартыжылдықта 60 млрд. теңге қосымша қаражат бөлдік. Жыл соңына дейін тағы да ақша бағыттау жоспарланып отыр. Қазір біз әр медициналық ұйымның қарызын жабу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Ажар Ғиният БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Аталған брифингі барысында министр Алматы облысында өгей әкесі зорлаған 3 жасар егіз қыздың жағдайын айтты.

Соңғы жаңалықтар