80 шақырымдық наразылық: Сербия студенттері Нови-Садқа шеруге шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Сербиядағы студенттердің наразылығы күшейіп келеді. Жастар Нови-Сад қаласына екі күндік шеруге шықты, деп хабарлайды Euronews.

Олардың пікірінше, онда бір жыл бұрын билік салғырттығынан адамдар қаза тапқан.
Бейсенбіде жүздеген студент Белградтан былтыр вокзалдың шатыры құлап, 15 адам қаза тапқан Нови-Сад қаласына 80 шақырым жол жүріп өткен. Қайғылы оқиға соңғы жылдардағы ең үлкен саяси дағдарысты тудырды, Белград пен басқа қалалардағы наразылық шерулері жалғасып келеді.
— Бұл марш біздің қаншалықты радикалды екенімізді, тоқтамайтынымызды және соңына дейін барғымыз келетінін көрсетудің тағы бір жолы, — деді Белград техникалық университетінің студенті Василий Миланович.
Студенттер тергеудің ашық жүргізілуін, кінәлілердің жазалануын талап етіп, вокзалдағы жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне сыбайлас жемқорлық пен непотизм себеп болғанына сенімді.
Өткен аптада наразылық шерулері ереуілге ұласты, содан кейін студенттер Белградтың негізгі жолын бір күнге жауып тастады.