864 әкім халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қызметке келді

«Бұл сайлауға алты партияның да өкілдері қатысты.Сайланған 864 әкімнің 77,7%-ы немесе 671 адам Nur Otan-ның өкілі болды. «Ауыл» партиясынан 3,8% яғни 33 адам әкім атанса, «Адал» партиясынан 1,7%, яғни 15 әкім, «Ақжол» партиясынан 1,4% немесе 12 адам, Қазақстан халық партиясынан 1,3% немесе 11 адам және ЖСДП-дан 0,1%, яғни 1 адам әкім атанды. Мұндай нәтиже партиялардың сайлау кезеңіндегі де, қалыпты кездегі де саяси белсенділік деңгейіне сәйкес келетінін атап өту керек» – деді Мәлік Мырзалин.
Сұхбат барысында Мәлік Мырзалин биыл 864 әкім қызметке халықтың тікелей дауыс беруі арқылы келгенін айтты.
Сондай-ақ ол дауыс берушілердің ауыл әкімдерінің сайлауына белсенді қатысқанын атап өтті.
«Қазақстан бойынша сайлаушылардың орташа келу көрсеткіші 78,5% болды. Ауылдық округтерде әрдайым халық сайлауға белсенді қатысады», - деді Презиидент әкімшілігі басшысының орынбасары.