8,7 млн тонна дәнді дақыл экспортталды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы»акционерлік қоғамының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымның 18-іне дейін жаңа өнім дәнді дақылдарының экспорты 8,7 млн тоннаға жеткен. Бұл туралы АШМ мәлім етті.

8,7 млн тонна дәнді дақыл экспортталды
Коллаж: Kazinform/Pixabay

— Бұл 2023–2024 жылдардың осындай кезеңімен салыстырғанда 58,7%-ға артық. Экспорт көлемінің айтарлықтай артуы қазақстандық дәнді дақылдарға сыртқы нарықтарда жоғары сұраныстың бар екенін дәлелдейді және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, — делінген хабарламада. 

Экспорттың негізгі бағыттарының қатарында дәстүрлі нарықтар бар: Өзбекстан — 3,1 млн тонна (+30,3%), Тәжікстан — 1,2 млн тонна (+46,1%), Ауғанстан — 285 мың тонна (+37%), Қырғызстан — 209 мың тонна (+85,5%), Иран — 963 мың тонна (17,2 есе өсім), Әзербайжан — 696 мың тонна (116,6 есе өсім).

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан бидайы Вьетнамға экспортталды.

Соңғы жаңалықтар